Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесінің реформасы
«KAZENERGY» қауымдастығы жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалауға белсенді түрде қатысуда.

2018 жылдың басынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне Қауымдастықтың мынадай ұсыныстары кіреді:
  • тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем, жер қойнауын пайдалануға балама салықтар (ЖБС) енгізу, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы және үстеме пайда салығы орнына 2019 жылдан бастап коммерциялық табу бонусын алып тастау. Ерікті таңдау. Тереңдігі 5 мың метр және одан терең мұнай және газ кен орындарына; теңіз кен орындарына таралады;
  • мұнай және газ өндіруді бастауға дейін барлауға жұмсалған шығыстарды өндіру басталған (амортизация 25%) басқа келісімшартта ескеруге болады. Бұдан бұрын сәтсіз барлау жағдайында салықтағы шығыстар есепке алынбаған;
  • мемлекеттің басымды құқығы шеңберінде ұлттық операторға ішкі нарыққа шикізат газды өткізу табысы өкізудің нақты бағасынан белгіленетін болады;
  • егер мұнайдың дүниежүзілік бағасы өз құнынан төмен болған жағдайда мұнайды экспортқа өткізу табысы өкізудің нақты бағасынан белгіленетін болады;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың оқуға, біліктілігін арттыруға немесе өз жұмыскерлерін қайта даярлауға жұмсалған шығыстарының есебі нақты шығындар бойынша белгіленетін болады.


Осы жаңа енгізулер:
  • мұнай және газды геологиялық барлауға инвестицияларды арттыруды ынталандыруға, қорлардың артуына;
  • Каспий теңізі қайраңында жаңа кен орындарын және барынша терең кен орындарын құруды белсендіруге алып келуі қажет.