Техникалық реттеу
Инвестициялар және техникалық реттеуді дамыту министрлігі Техникалық реттеу комитетінің 2014 жылғы 23-мамырдағы № 123-од  бұйрығымен қауымдастық базасында мынадай стандарттау бойынша техникалық комитеттер құрылды:

  1. №88 «Мұнай, мұнай өнімдері және майлау материалдары» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті;
  2. № 89 «Мұнай мен газды барлау және өндіру техникасы мен технологиясы» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті;
  3. № 90 «Табиғи және сұйытылған газдар» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті.
Техникалық комитеттерді құрудың негізгі мақсаты мұнай-газ саласындағы техникалық реттеу жүйесін жетілдіру, іс-шараларды пысықтау және оларды іске асыру жөнінде біртұтас саясат құру болып табылады.
Техникалық реттеу департаменті: 
Департамент № 88 «Мұнай, мұнай өнімдері және майлау материалдары», № 89 «Мұнай мен газды барлау және өндіру техникасы мен технологиясы» және № 90 «Табиғи және сұйытылған газдар» стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер хатшылығының жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды.
Департаменттің негізгі міндеттері:
  1. мұнай-газ саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін, сонымен қатар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
  2. мұнай-газ саласындағы техникалық реттеу ісінің қауымдастық мүшелері мен стандарттау бойынша техникалық комитеттердің мүддесіне, материалдық-техникалық база деңгейіне, сонымен қатар ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігін қаматамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  3. техникалық реттеу құралдары арқылы отандық өнімдердің бәсекеге қабілетін арттыруға және қазақстандық үлесті ұлғайтуға көмектесу;
  4. халықаралық салалық қауымдастықтармен және ұйымдармен келісім (меморандум) жасауға көмектесу (API, ASME, ASTM, DNV, NORSOK, OGP және т.б.);
  5. техникалық реттеу құралдары арқылы тиімді әзірлемелерді алға бастыру және инновациялық жобаларды дамытуға көмектесу;
  6. БСҰ және Кеден одағының нормаларына жауап беретін мұнай-газ кешеніндегі стандарттау жүйесін қалыптастыруға және жетілдіруге қатысу.
  7. ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарды әзірлеу процесінде бір-бірімен байланысты өнеркәсіптік салалардың мұнай-газ компаниялары мен кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіру;
  8. үкіметтік емес стандарттар және нормативтік техникалық құжаттар арқылы салалық стандарттауды дамытуға көмектесу.