«KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысы

«KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысы

2018 жылғы 26 наурызда «KAZENERGY» қауымдастығының алаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президент С.С. Әбденовтың төралығымен Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестің отырысына ҚР Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Қауымдастық мүшелері, салалық кәсіби одақтардың, Қазақстан-Британ техникалық университетінің және Қазақ гуманитарлық-заң университетінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға қызметінің негізгі бағыттары айқындалды, сондай-ақ ҚР мұнай-газ, мұнай өндіруші және мұнай-химия салаларындағы 2017-2019 жылдарға арналған салалық келісімге мұнай-газ саласында разряд аралық коэффициенттердің шекті (минималды) мәндерін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Қатысушылар Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының құқық қолдану практикасын талдау жөніндегі сараптамалық топтағы Қауымдастықтың қызметімен байланысты ескертулер мен ұсыныстарды енгізді.

2018 жылғы 31 қаңтарда қол қойылған ҚР Үкіметінің, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері мен республикалық кәсіподақтар бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған жаңа Бас келісімге сәйкес «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ өкілі отырыс қатысушыларына 2015-2017 жылдарға арналған бас келісімді іске асыру қорытындылары және 2018-2019 жылдарға арналған ұқсас келісімнің новациялары туралы хабарландырды.

Біліктілік жүйесін дамыту мәселелерін талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар саладағы ОРК саны мен атауларын бекіту туралы шешім қабылдады:

  1.  Мұнай мен газды барлау және өндіру (upstream).
  2.  Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау (midstream).
  3.  Мұнай мен газды қайта өңдеу және өткізу (downstream).

Отырыста Қауымдастықтың Шеврон компаниясы ұсынатын 2017-2018 оқу жылына арналған Сафи Өтебаев атындағы стипендиялар туралы ақпараты, KAZENERGY Білім беру бағдарламасының шеңберінде Стипендиялар, сыйақылар мен гранттар беру қағидаларының жаңа редакциясының бекітілімдері тыңдалды. Бұдан басқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері KAZENERGY Білім беру бағдарламасының шеңберінде стипендиялар, сыйақылар мен гранттар беру туралы өтінімдерді қарауды және шешім қабылдауды жүзеге асыратын Білім беру бағдарламасы жұмыс тобының құрамын бекітті.


IMG_9254.JPG

Комментарий