«Astana Munay Fest» Мұнай және Газ ІІ Жастар Симпозиумы

«Astana Munay Fest» Мұнай және Газ ІІ Жастар Симпозиумы
2018 жылғы 28-29 наурызда Назарбаев Университеті қабырғасында «Astana Munay Fest» Мұнай және Газ ІІ Жастар Симпозиумы өтті. Симпозиумды Total Kazakhstan және KAZENERGY қауымдастығының, KAZENERGY Жастар комитетінің демеушілік қолдауымен Назарбаев Университетінің Мұнайшы инженерлер қоғамының (SPE) студенттік секциясы ұйымдастырды.

Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген студенттер осы іс-шараға келіп, мұнай және газ секторындағы жетекші компаниялардың мамандарымен тіл табысты. Симпозиумның басты мақсаты қазақстандық ЖОО-ның мұнай-газ және инженер мамандарының студенттерін біріктіру және мұнай-газ саласының мамандарымен неткворкинг, өз білімдерін көрсету үшін алаң ұсыну болып табылады.

Симпозиумның басты қонақтары KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, Назарбаев университетінің Президенті Шигео Катцу, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов, KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі, Total коммуникациялар және сыртқы байланыс менеджері Алуа Толкинбекова және басқалар болды.

Ұзақбай Қарабалин студенттермен өз кәсіби тәжірибесімен алмасты, қазақстандық жобалар туралы сөз етті және жұмысқа орналасу кезінде неге көңіл бөлу керек екендігі жөнінде кеңестер берді.
Арман Сатимов өз сөз сөйлеуінде Симпозиумды ашу рәсімі кезінде Қазақстанның көмірсутекті болашағының әулеті, энергияның жаңа және дәстүрлі түрлерін біріктіру, қазақстандық ғылымның келесі 32 жылға міндеттері туралы әңгіме қылды.

Димаш Досанов жеке кәсіби тәжірибесімен және көшбасшы болу сабақтарымен бөлісті. Осы тақырыпқа «Business talks» панельді дискуссиясы арналды, оның шеңберінде KAZENERGY қауымдастығының Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту департаментінің директоры Яромир Рабай, ТОО «PSA» ЖШС Бас директорының кеңесшісі Дауржан Ауғамбай, «Primus Power», бас директоры Руслан Рақымбай өз мамандықтарын таңдау әңгімелерімен, университетті аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу кезінде қандай сын-тегеуріндерге тап болғандарымен бөлісті.

Бұдан басқа «Astana Munay Fest» шеңберінде мұнай-газ индустрияда зерттеулерді ілгерілету үшін ғылыми жұмыстар байқауы, сондай-ақ мұнай-газ индустриясының өнертабыс және инновациялық технологиялары саласындағы мәселелерді шешуге және тәжірибе алмасуға студенттердің дағдыларын дамыту мақсатында зияткерлік және бизнес ойындар жүргізілді. Студенттер сыйлық орындарына планшеттер, «Мұнай және газ – тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл» кітаптарын, қатысқандығы туралы сертификаттар алды. Симпозиум қонақтары үшін Назарбаев университетінің студентері шығармашылық өнерлерін табыс етті, бұл айтарлықтай маңызды іс-шараны креативті атмосфераға бөледі.
Байқаулар мен бизнес-ойындардың қазылар алқасы мұнай-газ саласының жас мамандары: KAZENERGY қауымдастығынан Әсем Мұқажанова, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Иван Коротков, «PSA» ЖШС Руслан Балықбаев, «КМГ Кашаган Б.В.» ЖШЖК өкілі болды.

KAZENERGY қауымдастығы саланың жас мамандарының, мұнай-газ және энергетика салаларының болашақ сарапшылары атанатын студенттердің бастамаларын қолдайды. KAZENERGY жанында Жастар комитеті жұмыс істейді, ол Қазақстанның сияқты халықаралық жастар қоғамдастықтарымен де ынтамақтастық орнатады. Кооперация және ынтымақтастық шеңберінде Жастар комитеті ашық дәрістер өткізеді, оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық ақпарат KAZENERGY қауымдастығының www.kazenergy.com ресми сайтында қолжетімді.


на главную.jpg

6.jpg

14.jpg

IMG_3705_.jpg

9.jpg
Комментарий