top
top
Жаңалықтар

«МӨЗ, МҰНАЙ-ХИМИЯ, АЖС» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Ағымдағы жылғы 5 сәуірде KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННЫҢ төрағалығымен «МӨЗ, мұнай-химия, АЖС» тақырыбына ғылыми-техникалық кеңес отырысы өтті, оған KAZENERGY  қауымдастығының мүшелері, Атырау мұнай өндіру зауыты, Павлодар мұнай өндіру зауыты, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Біріккен химиялық компания» ЖШС, «Кемекс» американдық компаниясы және «Конденсат» АҚ қатысты.

9399.jpg

Отырыстың күн тәртібіне мұнай-химияны дамытудағы өзекті мәселелер, еліміздің мұнай өндіруші зауыттары АМӨЗ және ПМӨЗ туралы баяндамалар, блокты-модульді МӨЗ жобасын іске асырудың концептуалды тәсілдері, сондай-ақ «Конденсат» АҚ МӨЗ-да К-5 экологиялық класының мотор отындарын өндіру туралы тақырыптар кірді.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ техникалық дамыту департаментінің директоры                                              Олег ЛЫЗЛОВТЫҢ баяндамасынан МӨЗ жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттері ҚР МӨЗ қайта өңдеу тереңдігі мен жиынтық қуаттылығын жылына 16,5 млн. тонна мұнайға дейін арттыру, ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне деген қажеттілігін толық ассортиментте қамтамасыз ету, мотор отындарының сапасын К4 және К5 экологиялық стандарттарына дейін жақсарту, Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес, құрамында канцерогенді заттары төмен, жақсартылған мотор отындарын қолдану кезінде қоршаған ортаға жүктемені азайту болып табылатындығы белгілі болды.

Отырыс шеңберінде "АТЭК Азия" және Chemex Modular бірлесіп, мұнай-химия объектілерінің блокты-модульді құрылысының тұжырымдамасын және модульді МӨЗ базалық жобасын іске асыру бойынша негізгі қадамдарын ұсынды.

АМӨЗ технология жөніндегі бас инженердің орынбасары Еркін СҮЛЕЙМЕНОВ қатысушыларға Атырау МӨЗ қайта құру туралы баян етті. Бірінші кезеңнен кейін өндірістік қуаттылықты жаңғырту  жүргізілді, экологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейі қамтамасыз етілді, К-2 экологиялық класының автомобиль бензиндерінің, АИ-95, АИ-98 жоғары октанды бензиндерінің, К-3, 4 экологиялық класының дизельді отын өндірісі іске қосылды,  сондай-ақ РТ гидро тазартылған реактивті отын өндірісінің іске қосылуы мүмкін. Зауыттың толық қайта құрылуы зауыттың теңгерімделген қуаттылығын жылына 5,5 млн.тоннаға дейін арттыруға жоғары октанды бензин өндірісінің көлемін 47%-дан 100%-ға дейін арттыруға, мұнай өндіру тереңдігін 85%-ға дейін арттыруға, мотор отындарының сапасын К-5 экологиялық класына дейін жақсартуға, қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Павлодар МӨЗ жаңғырту жобасы туралы презентациясымен техникалық бөлімнің жетекші инженері Әлихан ӘБІЛДИНОВ сөз сөйледі,- Кеден одағының Техникалық регламентіне сәйкес зауыт К4, К5 экологиялық класының мотор отындарының өндірісін іске қосады.  Жобаны іске асыру барысында жетекші дүниежүзілік технологиялық процестердің компания-лицензияарларының қазіргі заманғы және озық технологиялары пайдаланылды.   

KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі Арман САТИМОВ проблемалы мәселелердің жол картасын өзектендіру бағыттарының бірі және Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені үшін жүйелі шешімдерді әзірлеу Мұнайды қайта өндіру, мұнай-химия және маркетинг секциясы болып табылатындығын атап өтті, оның жетекшісі Олег ЛЫЗЛОВ, осы секцияда бұл бағыт бойынша проблемалар айқындалады. Сонымен қатар Сатимов KAZENERGY қауымдастығының ROTOBO жапондық сауда жөніндегі қауымдастығымен өткен жылғы желтоқсанда бірлесіп өткізген семинарды атап өтті. Жапон компаниялары инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде қатысты, 1997 жылдан бастап Атырау МӨЗ қайта құру жобасы жөніндегі Марубени консорциумы,  Маңғыстау МӨЗ жобасы жөніндегі Мицуи-Мицубиси-ТойоИнжиниринг консорциумы және жапондардың қатысуымен басқа да жобалар қалыптастырылды. 

Отырысты қорытындылай келе, ҒТК қатысушылары еліміздің мұнай өндіруші секторын дамыту үшін көңіл бөлуді қажет ететін барынша маңызды аспектілер жөнінде өз ұсыныстарын мен пікірлерін айтты. 


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.