top
top
Жаңалықтар

Краковта Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің атқарушы комитетінің отырысы өтті  

Ағымдағы жылғы 15 мамырда Польшаның Краков қаласында Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің атқарушы комитетінің отырысы (бұдан әрі – ДМК) өтті, онда ДМК Маркетинг жөніндегі Вице-Президенті Жамболат Сәрсенов сөз сөйледі.

Жамболат Сәрсенов өз баяндамасында Атқарушы комитетінің назарына ДМК маркетингтік және коммуникациялық қызметі бойынша есеп ұсынды. Қазақстанның елде ДМК оң имиджін құрудағы айтарлықтай үлесін атап өтті. Мәселен, 2017 жылы ЭКСПО-2017 Халықаралық Мамандандырылған Көрмесінің шеңберінде ДМК Министрлік Конференциясының (БҰҰ өңірлік комитеттерімен бірлесіп ұйымдастырылған) және KAZENERGY қауымдастығы ұйымдастырған KAZENERGY XI Еуразиялық форумының ресми әріптесі болды. Бұдан басқа ЭКСПО шеңберінде ДМК күні ұйымдастырылды, онда әрі қарай ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылау үшін екі жақты кездесулер өткізілген.

Қазақстандық Ұлттық Комитеті ұсынған ДМК болашақ маркетингтік стратегиясының негізгі принциптерінің бірі қатысушы мемлекеттерді ұйымның коммуникациялық қызметіне тарту және ықпалдастырылған маркетингтік коммуникацияларды пайдалану болды.

Отырыс қорытындысында Жамболат Сәрсенов ДМК ұлттық комитеттері арқылы әртүрлі елдерде салалар арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсетті.

ДМК Маркетинг жөніндегі Вице-Президенті Жамболат Сәрсеновтің ұсынылған бастамаларын Атқарушы комитетінің мүшелері қабылдап, қолдады және оларды ДМК маркетинг жөніндегі жұмыс тобы қарастыратын болады.

20180516_091001_.jpg
_VS_8005_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.