top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығының және ТМКҚ Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру жөніндегі отырысы

31 мамырда KAZENERGY алаңында ТМКҚ Халықаралық хатшылығының басшысы Йонас Мобергтің қатысуымен KAZENERGY қауымдастығына Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығына (ТМКҚ) мүше компаниялардың Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру жөніндегі бірлескен отырысы өтті.

KAZENERGY халықаралық ынтымақтастық жөніндегі атқарушы директоры Талғат Қарашев кездесуді аша отырып, өткен жылы кезекті валидацияның (ТМКҚ стандартының халықаралық талаптарына сәйкестігіне санкциялау процесі) өткендігін атап өтті, оның қорытындысы бойынша ТМКҚ Халықаралық Басқармасы елдің мәртебесі туралы шешім қабылдады. Ол Қазақстанның Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын енгізудегі айтарлықтай прогресін атап көрсетті. Сонымен қатар белгіленген Қағидаларға сәйкес ТМКҚ стандартының талаптарына толық сәйкестендіру үшін Халықаралық Басқарма кемшіліктерді жою үшін 18 ай берді (2019 жылғы 13 тамызға – қайта валидацияның басталуына дейін).

ТМКҚ халықаралық хатшылығының басшысы Йонас Моберг компанияның стандартты дамыту процесіне тартымдылығының жоғары деңгейін атап, еліміздің бірқатар артықшылықтарын, оның ішінде есептілікті электронды түрде ұсынуды, сондай-ақ деректерді жариялау уақтылылығын белгіледі.
Отырыс барысында түзету іс-шараларды, сондай-ақ ұсынылған ескертулердің барлық спектірі бойынша қазақстандық компаниядардың шоғырланған ұстанымдарын қалыптастыруды талқылады.

Қатысушылар жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіндегі Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының маңыздылығын, сондай-ақ компаниялардың бенефициарлары туралы мәліметтерді жариялау және компаниялар мен ҚР уәкілетті органдар арасында жасалған келісімшарттар туралы ішінара ақпаратты ашу мүмкіндігі туралы талқылады.

Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша Халықаралық Басқарма Қазақстандағы ағымдағы жағдай туралы есеп дайындайтын болады.


IMG_9937_.jpg
IMG_9947_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.