top
top
Жаңалықтар

«Баламалы (геотермальді) энергетиканы қаржыландыру тетіктері»

Ағымдағы жылғы 3 шілдеде АХҚО «Халықаралық Жасыл өсім форумы» шеңберінде KAZENERGY қауымдастығы «Баламалы (геотермальді) энергетиканы қаржыландыру тетіктері» тақырыбындағы панельді сессияға қатысты.

Іс-шара мақсаты – шетелдік жетекші және отандық ғылыми-зерттеу және сараптама ұйымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасында геотермальді энергия көздерінің жай-күйін және оларды әзірлеу перспективаларын сараптамалық түрде талқылау.

Құттықтау сөзімен ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов және ҚР-дағы Португалия елшісі Аделино да Силва сөз сөйледі.

KAZENERGY атқарушы директоры Талғат Қарашев, CEO Arctic Green Corporation директоры Сигстейн Грэторсон, USAID Power the Future Project өкілі Олег Рясков, Гидроспецгеология директорының орынбасары, РФ Камчатканың геотермика маманы Сергей Спектор және басқалар өз баяндамалары мен пікірлерін ұсынды. KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Талғат Қарашев өз сөзінде осындай іс-шараларды өткізудің барынша үлкен мәні бар екенін атап өтті. Мәселен, Қазақстан энергетика кешенін дамытудың басымды векторлары ретінде жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты белсенді түрде жүргізеді.

Ол KAZENERGY қауымдастығы Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) дамытуды қолдайтындығын атап көрсетті. Алайда әлеуметтік бағдарлану және дәстүрлі энергетика маңыздылығы туралы ұмытпаған жөн. Атқарушы директордың пікірі бойынша, ЖЭК ауқымды құрылысы рентабельді және оның өтелімділігі бар, одан алынатын электр энергиясының құны төмен немесе дәстүрлі электр станциялары өндіретін электр энергиясының бағасына тең болады және электр энергиясы нарығында лайықты түрде бәсекеге түсе алады.

ЖЭК секторын әрі қарай дамыту негізінде экономикалық құрамдасы болуы тиіс. Барынша тиімді және өзіндік құны бойынша шығыны төмен жобалар іске асырылуы қажет.. Бұл ретте Қауымдастық жаңа технологиялық регламенттер мен техникалық стандарттарды, заңнама актілерін әзірлеуге және осы саланың даму әлеуетінің зерттеулеріне қатыса алады, сондай-ақ Ғылыми-техникалық кеңес базасында инновациялық және технологиялық шешімнің талқылауын өткізе алады.

Сессия қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне геотермальді энергетика саласында зерттеулер жүргізу және Геотермальді энергетика жөніндегі халықаралық қауымдастықты құру бойынша ұсынымдарды әзірлеу күтілуде.


IMG_0549_.jpg
IMG_3590_.jpg
IMG_3734_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.