top
top
Жаңалықтар

КИОГЕ 2018 көрмесі аясында Қазақстанның Мұнайсервис компаниялар одағы мен «Iteca» ЖШС бірлесіп ұйымдастырған арнайы іс-шара өтеді.

КИОГЕ көрмесінің қатысушыларында Сатып алулар департаменті мен Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасының және Қарашығанақты кеңейту жобасының бас мердігерлерінің қосалқы мердігерлік компаниялармен жұмыс жөніндегі департамент өкілдерімен В2В кездесулер форматында кездесудің бірегей мүмкіндігі болады. Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы, Теңізшевройл компаниялары (БКЖ, ТШО) Қазақстандағы соңғы он жыл ішіндегі ең үлкен инвестициялық жобасының бірі болып табылатындығын еске саламыз.

Жоба бюджеті 37 млрд. доллардан астамды құрайды. 2018 жылғы мамыр айының соңында 4 негізгі келісімшартқа қол қойылды: Area 51, Pipelines, 3GI және 3GP. GATE (GAMA - Tekfen), Bonatti, Velesstroy, Senimdi Kurylys (Bechtel - ENKA) и Consolidated Contractors Company (CCC) сияқты компаниялар бас мердігерлер болды. Қарашығанақты кеңейту жобасы, Қарашығанақ Петролеум Оперэйтинг (ПРК-1, КПО) – жұмыс істеп тұрған нысан аумағында іске асырылуда және жұмыстың бірнеше тармағын қамтиды (кептіру бойынша нысандар құрылғысы, газды айдау компрессорлары, қолданыстағы жабдықтағы модификациялар, жинау жүйесі құрылғысы, ұңғымала алаңдар).

Ірі мердігерлердің арасында SICIM, АксайГазСервис, KIOS сияқты компаниялар қатысады. ПРК 1 жүзеге асыру кезеңдеп өткізілетін болады, екі кезең арасындағы аралық жүзеге асыру стратегиясы аясында анықталатын болады. ПРК – 1 келісімшарттық стратегиясы - бірінші әзірлеу кезеңінде. Жобаның шамаланған бюджеті 10 млрд. долларды құрайды.

  • Көрме қатысушыларымен В2В кездесуге қатысуға шақырылды: GATE, Bonatti, Velesstroy, Senimdi Kurylys, CCC, SICIM, АксайГазСервис, KIOS
  • Көрме аумағында В2В кездесу өткізу үшін арнайы аумақ жасалды: әр бас мердігер үшін 8 экспозиция бөлінді
  • Осы іс-шараға ТЕК КИОГЕ көрмесіне қатысушылар ғана жіберіледі
Қазақстанның Мұнайсервис компаниялар одағы (KazService) көбіне Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында жұмыс істейтін Қазақстанның 200 астам мұнай-газ саласы мердігерлерін қамтиды.

KazService нарық ойыншыларына саланың өзекті жаңалықтарын алуға, сондай-ақ бір-бірімен байланыс жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық –диалогогтық алаң болып табылады. Осыған орай, Одақ ұдайы түрлі іс-шаралар өткізеді: Бизнес таңғы астар, семинарлар, конференциялар, В2В кездесулер, коктейль қабылдаулар мен тағы басқалары.

KazService басшылықтың орнына ірі операторларды, бас мердігерлерді, сондай-ақ мемлекеттік органдарды жинай отырып, жыл сайынңы «KAZNEFTEGAZSERVICE» конференциясының ұйымдастырушысы болып табылады.

КИОГЕ – өзінің ауқымы саланың көптеген жаһандық жобаларының жіберу нүктесіне айналды. Жыл сайын КИОГЕ Әлемнің 25 елінен келген 500 астам компания өкілдері қатысады. Өзінің даму жылдары ішінде KIOGE мұнай-газ әлемінің басты тренді көрсетілетін, толыққанды бизнес-платформаға айналды, бұл жерде топ-менеджерлерге де және техникалық мамандарға да, сатылым бөлімінің өкілдеріне де, маркетинг қызметіне және аудиторларға, заңгерлерге және HR менеджерлерге де бірдей қолайлы. Осы жылы жоғарыда аталған оқиғаның ұйымдастырушылары өздерінің күш-жігерір, ресурстарын және мүмкіндіктерін біріктірді және КИОГЕ аясында арнайы оқиғаларды көрсетеді.

07.JPG
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.