top
top
Жаңалықтар

ҚР СІМ және KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері үшін «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты даму үшін жаңа шешімдер» тақырыбына брифинг өткізді

Ағымдағы жылғы 26 шілдеде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығының «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты даму үшін жаңа шешімдер» атты бірлескен брифингі өтті. Іс-шараға ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабеков, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов, KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сатимов, KAZENERGY қауымдастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі атқарушы директоры Талғат Қарашев, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы 60-тан астам шетелдік өкілдіктің өкілі қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ және энергетика салаларындағы ағымдағы жағдай, KAZENERGY қауымдастығының қызметі, халықаралық ұйымдар мен іс-шаралар, атап айтқанда: KAZENERGY XII Еуразиялық форумының және Дүниежүзілік мұнай кеңесі отырысының (2018 ж. 1-3 қазан) жұмысына қатысу сияқты мәселелер қаралды. Әсет Мағауов қатысушыларға сөзін жолдай отырып, жаңа инвестициялар ағымы үшін икемді, бастысы, тартымды жағдайлар жасау маңыздылығын атап өтті. Ол жер қойнауын пайдаланушылар үшін заңнамалық базаны өзектендірумен байланысты жүргізілген жұмыс туралы айтты, оның нәтижесі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы жаңа кодекс пен Салық кодексі болды.

Сонымен қатар ол келесі дискуссия барысында Экологиялық кодексті әзірлеу және мұнай өнімдерін ынталандыру және жетілдіру бойынша шаралар кіретін алда тұрған маңызды бастамалар туралы да айтып кетті.

Қауымдастықтың атқарушы директоры Талғат Қарашев KAZENERGY халықаралық ұйымдар жұмысына және халықаралық іс-шаралар өткізуге қатысуы туралы баяндамамен сөз сөйледі. ОЛ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒЫ 1-3 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА салалық министрліктер басшылары, энергетика компанияларының және ірі қауымдастықтардың басшылары қатарынан ДМК-ға мүше мемлекеттердің ұлттық комитеттері делегацияларының басшыларының қатысуымен ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰНАЙ КЕҢЕСІНІҢ (БҰДАН ӘРІ – ДМК) ОТЫРЫСЫ ӨТЕТІНДІГІН ХАБАРЛАДЫ. Бұдан басқа барлық қатысушылар ДМК отырысының шеңберінде 2 қазанда жоспарланған «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты даму үшін жаңа ұрандар» тақырыбы жөніндегі конференцияға шақырылды. Осы конференция ҚР Энергетика министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығымен ұйымдастырылатын болады. Қарашев халықаралық конференция халықаралық қоғамдастықтар назарын аудартуға және қазақстандық мұнай-газ және энергетика саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталғанын атап көрсетті.

KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сатимов, өз кезегінде, Қауымдастық мүшелері мен елшіліктердің сауда, коммерциялық департаменттері және халықаралық ұйымдардың корпустары арасында, оның ішінде KAZENERGY Ғылыми-техникалық кеңесінің базасында ынтымақтастықты дамытуды ұсынды. Бұл елдер арасында тауар айналымының өсіміне ықпал ететіндігін атады. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың оларды қызықтырған сұрақтарды тікелей қоюға және елдер арасында өзара тиімді әріптестікті әрі қарай дамыту жолдарын талқылауға мүмкіндіктері болды.

37849250__.jpg


KAZENERGY баспасөз қызметі
(7172) 790181; 790173
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.