top
top
Жаңалықтар

Росконгресс және KAZENERGY энергетикалық күн тәртібін ілгерілету саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты

Мәскеуде өткен Ресей энергетикалық аптасы шеңберінде Росконгресс қоры мен «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы арасында келісімге салтанатты қол қою рәсімі өтті. Оған Қор басқармасының төрағасы, директоры Александр Стуглев және Қауымдастықтың бас директоры Әсет Мағауов қатысты.

Аталған құжат энергетика, сондай-ақ қатысушы елдердің мұнай-газ және энергетика салаларын дамытуға бағытталған бірлескен іскерлік және тақырыптық іс-шараларды, оның ішінде конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдер мен форумдарды өткізу саласында ресейлік және қазақстандық сараптамалық қоғамдастықтары мен іскерлік ұйымдары арасында коммуникацияны дамыту саласында тараптардың өзара іс-қимылын көздейді.

«Алғашқы кезде келісім энергетикалық күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған. Ол компанияларымыздың осы бағыттағы тығыз өзара іс-қимылы үшін ресми платформа болып табылады, бірлескен жобаларды іске асыруды, мұнай және газды дамытудың өзекті мәселелері, секторды технологиялық дамыту тенденциялары бойынша тәжірибе және сараптау пікірлерімен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.», – деп атап өтті Александр Стуглев.

«Бүгін, KAZENERGY қауымдастығы Қазақстанда ірі мұнай-газ және энергетикалық компанияларды біріктіреді. Біз қазақстандық ЖЭК жаңғыртуға бағытталған кешенді шешімдер мен бастамалардың белсенді қатысушысы болып табылады. Қор мен Қауымдастық арасында қол қойылған келісім салаларды дамыту саласында жалпы күн тәртібі мәселелерінде аса терең ықпалдасуды айқындайды. Осы ынтымақтастық шеңберінде ашылатын перспективалар мен мүмкіндіктер салалық секторлар өкілдері үшін барынша маңызды және пайдалы болатындығына сенімдімін», – деп атап өтті Әсет Мағауов.

Келісім шеңберінде тараптар мұнай-газ және энергетикалық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша өзара консультациялық, ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсетуді жоспарлайды.

Анықтама :
«Ресей энергетикалық аптасы» (РЭА) халықаралық форумы Мәскеуде 2018 жылғы 3-6 қазан аралығында өтіп жатыр. Іс-шара мақсаты өзекті дүниежүзілік энергетикалық күн тәртібін талқылау, ЖЭК салаларын дамытудың негізгі бағыттарын айқындау болып табылады. РЭА-2017 қатысушылардың жалпы саны 1000-нан асты. Қатысушы шетел елдердің саны 94 құрады. rusenergyweek.com

Росконгресс қоры – әлеуметтік бағдарланған қаржылық емес даму институты, халықаралық, конгрестік, көрме және қоғамдық іс-шаралардың ірі ұйымдастырушысы. Росконгресс қоры 2007 жылы халықаралық, конгрестік, көрме, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы Ресей имиджін нығайтуға және экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында құрылды. Қор оның мазмұнды бөлігін қалыптастырады, компаниялар мен ұйымдарға консалтингтік, ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсетеді, сондай-ақ ресейлік және жаһандық экономикалық күн тәртібі мәселелерін талдайды және жария етеді. Бүгін Қордың жылдық бағдарламасына Монтевидеодан бастап Владивостокқа дейін іс-шаралар кіреді. Бұл бір алаңда дүниежүзілік бизнес көшбасшыларын, сарапшыларды, БАҚ, билік өкілдерін жинауға мүмкіндік береді, жаңа идеялар мен жобаларды талқылау және ілгерілету үшін ең қолайлы жағдай жасайды.
www.roscongress.org

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі KAZENERGY қауымдастығы 2005 жылы 2-қарашада мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету мақсатында құрылды. Өзінің 10 жылдық тарихында Қауымдастық мұнай-газ және энергетика кешенінің 80-нен астам ірі ойыншыларын, оның ішінде өндіруші және тасымалдаушы, сервистік және геофизикалық, уран және басқа да ұлттық компанияларды біріктірді. Ол мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен және қоғамдық құрылымдармен тығыз әрекеттестік жасай отырып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенінің тұрақты дамуына жағдай жасайды.

 www.kazenergy.com

Фото_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.