top
top
Жаңалықтар

МҰНАЙ-ГАЗ ЖӘНЕ МҰНАЙ СЕРВИСТІК КОМПАНИЯЛАРЫ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ЖӘНЕ KAZENERGY ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҰМЫСЫН ҮЙЛЕСТІРУДЕ

«Атамекен» ҰКП және KAZENERGY, үш ірі жобаның және ең ірі мұнай сервистік компанияның операторлары бірлескен жұмыс бойынша іс-қимылдарын үңдестіру жөнінде шешім қабылдады.

2 қарашада Атырау қаласында нарықтың мүдделі қатысушыларының жалпы кездесуі өтті, мұнда дискуссия шеңберінде үш ірі мұнай-газ жобасын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды, атап айтқанда, KEP-1 КПО, ПБР (NERP) ТШО, Хазар, Қаламқас-теңіз НКОК жобаларын дамыту перспективалары талқыланды. Кеңес нәтижесі мұнай-газ нарығын әділ және тиімді дамыту үшін ұзақ мерзімді ынтамақтастық жасауда мұнай-газ және мұнай сервистік кәсіпорындардың күшін біріктіру болды. Операторлар, өз кезегінде, жобалар бойынша жұмысты жоспарлау шеңберінде талаптарды біріздендіру арқылы шығыстар бөлігін оңтайландыру нұсқаларын қарай алады.

KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов: «2016 жылы мұнай-газ салсында ТЖҚ жалпы сатып алу 4,57 трлн. теңгені құрады, оның ішінде 3,38 трлн. теңге немесе жалпы көлемнің 79% үш ірі жобаға тиесілі. 2017 жылы жалпы сатып алу көлемі 4,82 трлн. теңгені құрады, ірі жобалар үлесі – 3,33 трлн. теңге, немесе жалпы көлемнің 69%-ы. Егер бірыңғай техникалық стандарттарды жасаса, бұл операторлар мен бизнесмендер арасындағы барынша тиімді жұмысты ретке келтіруге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс келешекте ТЖҚ қажеттіліктерін, қазақстандық және шетел компаниялардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, техникалық шешімдерді талқылау, консорциумдар мен әріптестік жасау, мемлекеттік қолдау шараларын қолдану, заңнама және әкімшілік кедергілерді жою және жергілікті қамтуды дамыту саласында әртүрлі стимулдарды қалыптастыру және т.б. мақсатында қазақстандық ТЖҚ өнім берушілерінің және мұнай-газ компанияларының кәсіптік және тәжірибелі қызметі үшін бірыңғай экожүйесін және алаң құру арқылы бірлескен кешенді тәсілді талап етеді», - деп, атап өтті.

Нарықтың барлық қатысушыларының біріктіруші және үйлестіретін бірыңғай алаң болып қайта құрылған Мұнай-газ саласында стратегиялық әріптестіктерді дамыту жөніндегі кеңес болады. Бұл консультативтік-кеңес бірлестігі ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, "Атамекен" ҰКП, KAZENERGY, PSA және басқа мүдделі құрылымдар қатысуымен жұмыс жасайтын көптеген одақтардың, кеңестердің және басқа да альянстардың іс-қимылдарын үйлестіре алады. Кеңес жұмыстың тиімділігін арттыруға, қайталанушы іс-қимылдарды жоюға және бизнес әртүрлі бағыттарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық қамту туралы айтатын болсақ, Кеңес қатысушылары Жоба операторларының, шетел компания-мердігерлерінің және Қазақстанның тікелей кәсіпорындары мен компанияларының жұмыстарын белсендірудегі оның артуын көріп отыр.

Кездесу барысында мұнай сервистік компанияларымен жұмыс жоспарлары және қазақстандық қамтуды дамыту үшін қолданылатын шаралар туралы «ҚазМұнайГаз» ҚК АҚ басқарушы директоры О.М. Сұлтанов, «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары М.С. Мұқашев, «Норт Каспиан Оперэйтинг Компани» бас директорының орынбасары Ж.Н. Марабаев, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбасары М.Ш. Каримов сөз етті.

Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Мұрат Мұқашев компанияда ұзақ уақыт бойы қазақстандық қамтуды дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы атап өтті: «Келешекте Кеңейту жобасы қос құбырлы секцияларды жасау және оларға тот басуға қарсы жабындыларды жабу бойынша өндірісті ұйымдастыру үшін Атырау және Ақтау машина жасаушыларының арасында жергілікті әріптестіктерді құруда белсенді ат салысады».

Shell Kazakhstan-дағы GER басшысы Зарина Бакенова өз сөйлеуінде «Бізге бәсекеге қабілетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтер көрсетуге, адал бәсекелестікке, ұлттық кадрларды дамытуға бағытталған жоғары сапалы, өршіл басқару командалары қажет» деп пікірін білдірді.

Өткен кеңес барысында бірқатар қатысушылар «Атамекен» ҰКП және KAZENERGY құрмет грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
«Бүгін адамдар мен компаниялардың мұнай өнеркәсібін ғылыми және технологиялық дамытуға қосқан үлесін әсіресе атап өткен жөн. Мұнай-газ және мұнай-сервистік компанияларымен күн сайын жұмыс істей отырып, біз жекелеген адамдардың еңбегін көреміз, олар барлық салаға мәлім, сондықтан олады қосқан үлестерін атап өту міндетіміз деп санаймыз», - деп, «Атамекен» ҚР ҰКП ресми өкілі, Кеңестің атқарушы комитетінің басшысы Асылбек Жакиев сөз сөйледі.


20181102_181159_.jpg
20181102_181219_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.