top
top
Жаңалықтар

Энергетикалық Хартия Конференциясының 29-шы сессиясы

2018 жылғы 27-28 қарашада Бухарест қаласында (Румыния) Энергетикалық Хартия Конференциясының 29-сессиясы өткізілді.
Конференцияның жұмысына KAZENERGY Қауымдастығының өкілдері: халықаралық ынтымақтастық жөніндегі атқарушы директор Талғат Қарашев және Энергетикалық Хартия бойынша жоба басшысы Клара Рахметова қатысты.

Конференцияның сессиясы екі бөлімнен: Жарғылық және Министрлік бөлімдерінен тұрды.

27 қарашада Жарғылық бөлімнің бірінші сессиясы барысында Энергетикалық Хартияға Шарттың Уағдаласушы және Қол қоюшы Тараптары таратылуы шектеулі санатқа жататын, Энергетикалық Хартияға Шартты жаңғырту немесе ЭХШ 34(7)-бабына сәйкес Шолу жүргізуге қатысты ұсыныс сияқты кейбір мәселелерді талқылады. Конференцияның бірінші күні EIRA 2018 Инвестициялық тәуекелдер бойынша баяндаманың салтанатты тұсаукесерімен аяқталды, Қазақстан осы жобаның қатысушысы болып табылады.

Іс-шараның 2-ші күні, 28 қарашада «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму және өркендеу үшін инновацияларды ынталандыру» тақырыбында Министрлік Конференциясы форматында өтеді.

Іс-шараны Конференцияның төрағасы Румыния Энергетика министрлігінің Статс-Хатшысы ашты. Сондай-ақ Конференцияға Еуропалық одақтың Энергетика жөніндегі бас дирекциясының Энергетикалық саясат жөніндегі директоры Меган Ричардс ханым, Румыния Энергетика министрі Антон Антон мырза және Халықаралық Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Д-р Урбан Руснак ресми түрде құттықтады.

Конференцияға сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен жеке сектордың өкілдері қатысты. Конференцияның негізгі тақырыбы бойынша бейінді министрліктер мен ведомстволардың 20-дан астам министрлері мен вице-министрлері, сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпустың өкілдері сөз сөйледі.
Министрлік бөлімінің бірінші сессиясы барысында бұл мәселені Энергетикалық Хартия Конференциясына мүше елдердің министрлері мен делегация басшылары және байқаушылар, сондай-ақ энергетика кәсіпорындарының басшылары қарастырды.

Министрлік бөлімінің екінші сессиясы халықаралық ұйымдардың өкілдеріне түйінді проблемалар бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік берді.
Бухарестегі Энергетикалық Хартия Конференциясы үкіметтік деңгейде шешім қабылдайтын жоғары лауазымды адамдардың, халықаралық ұйымдардың және энергетикалық компаниялар басшыларының энергетикалық қауіпсіздікті, тұрақты даму мен өркендеуді қамтамасыз етудегі инновациялардың рөлі туралы диалогқа қатысуы үшін платформа қамтамасыз етті.

Конференцияда сондай-ақ Халықаралық Энергетикалық Хартия және Энергетикалық Хартияға Шарт шеңберінде қолданыстағы құралдардың инновациялық энергетикалық сектордағы инвестицияларға жәрдемдесу құралы ретіндегі рөліне, сондай-ақ энергетика саласындағы негізгі проблемаларды шешуге баға берілді.
Конференцияның қорытынды құжаты Энергетикалық Хартия қабылдаған Бухарест декларациясы болып табылады.
Бухарест декларациясында Хартиялық процесті дамытудың барлық стратегиялық бағыттары: Энергетикалық Хартияға Шартты жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті арттыру, инвестициялық тәуекелдерді азайту, энергетикалық кедейлікпен күрес, энергияның трансшекаралық ағындарының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру және т. б. көрсетілген.

Анықтама:
Қазақстан 1998 жылы күшіне енген сәттен бастап Энергетикалық Хартияға Шарттың (ШЭХ) белсенді мүшесі болып табылады. Энергетикалық Хартия тарихында алғаш рет Қазақстан Құрметті құқық алды және 2014 жылы Энергетикалық Хартия Конференциясына төраға болған бірінші ел атанды.
Биыл Энергетикалық Хартия Конференциясына Румыния төрағалық етті.


1_.jpg
3.jpg
2.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.