top
top
Жаңалықтар

Салалық комиссияның кезекті отырысында 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімге № 3 қосымша келісімге қол қойылды

2018 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа әлеуметтік әріптестік тараптары қатысты: уәкілетті мемлекеттік органның өкілетті өкілі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі; жұмыс берушілер: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В., «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС, «PSA» ЖШС; «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «KAZENERGY» қауымдастығы; салалық кәсіподақтар атынан жұмысшылар өкілдері: «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ мен «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ.

Күн тәртібінің негізгі мәселесі Салалық комиссияның кезекті отырысында 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімге № 3 қосымша келісімді Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмысшылардың республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған бас келісімімен үндестіру қажеттілігіне байланысты оған қол қою болды.

Сонымен қатар Тараптар Салалық комиссияның 2018 жылғы 25 қыркүйектегі Мұнай-газ, мұнай өндіруші және мұнай-химия өнеркәсібінде қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын даярлау бойынша жұмыс тобының қызметі туралы хаттамасын орындау қорытындысын шығарды.

Комиссия Мұнай-газ, мұнай өндіруші және мұнай-химия өнеркәсібінде қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдады.

Отырыс соңында ҚР Энергетика вице-министрі Б.Ақшолақов барлық қатысушыларды алдағы ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ведомстволық наградалар ұсынды: «KAZENERGY» қауымдстығының Адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Л.Ахмурзинаны және «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Е.Мұстафинаны «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.

IMG_1594_.jpg
IMG_1581_.jpg
IMG_1595_.jpg
w2.jpg
Whats_1.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.