top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалинге «И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ атақты докторы» атағы берілді

Ағымдағы жылғы 30 қарашада Мәскеуде И.М. Губкин атындағы РМУ Ғылыми Кеңесінің шешімімен KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинге «И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ атақты докторы» атағы берілді. Салтанатты рәсімге Ресейдің ғылыми және білім беру саласының атақты қайраткерлері, университеттің Ғылыми Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ шақырылған қонақтардан қазақстандық делегация қатысты. Аталған атақ білім беру және ғылым саласындағы, дүниежүзілік отын-энергетика кешені мен мұнай-газ саласын дамыту саласындағы қоғамдық, халықаралық және мемлекеттік қызметтегі ресейлік және шетел азаматтарына, атақты ғалымдар мен қайраткерлерге ерен еңбектері үшін беріледі. Мекеменің бүкіл тарихы бойынша мұнай-газ өнеркәсібі саласында үлкен жетістіктерімен ерекшеленген және ғылыми әлеуетті және білім-ағартушылық қызметті дамытуға және оны ілгерілетуге айтарлықтай үлес қосқан әртүрлі елдің 15 көрнекті қайраткеріне ғана берілген болатын. Қазақстан өкіліне алғаш рет беріліп отыр.

Құрметті Ұзақбай Сүлейменұлы, осындай құрметті атаққа ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз еліміздің мұнай-газ саласының іргетасын қалауға, қазақстандық жобаларға қатысатын мұнай компаниялары арасында жемісті халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қостыңыз. Міне, бүгінгі күні, Сіздің көпжылдық кәсіптік және ғылыми қызметіңіздің арқасында шетел әріптестерінің арасында аса құрметке ие болдыңыз. Kazenergy ұжымы Сізді құттықтап, Сізге мол табыс тілейді, барлық жоспарларыңыз бен бастамаларыңыз іске ассын!

PHOTO-2018-12-01-01-44-32.jpg

PHOTO-2018-12-01-01-44-33.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.