top
top
Жаңалықтар

ЭЫДҰ-НЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША 11-ПЛЕНАРЛЫҚ КЕЗДЕСУІ

Ағымдағы жылғы 12-13 желтоқсанда KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин Париж қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының пленарлық сессиясына қатысты. Отырыстың күн тәртібіне ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен әріптес елдерді дамыту стратегиялары кірді. Атап айтқанда, табиғи ресурстар негізінде дамыту мәселелері жөнінде болды. Көпжылдық үкіметаралық ынтымақтастықтық мақсаты – ЭЫДҰ-ға мүше елдері мен әріптес елдері арасында өндіру саласы мамандарының білімімен және тәжірибесімен алмасу. Қазақстан тең төрағалық ел ретінде табиғи ресурстар негізінде дамыту мәселелер бойынша диалогқа қатысады, оның барысында мұнай-газ, минералдар мен металдар өндіруші 15-20 ел арасында табиғи ресурстарды өндіру негізінде елдер көпжылдық білімдерімен және тәжірибелерімен алмасады.          

Өз сөз сөйлеуінде Қауымдастық Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин жергілікті қамтуды дамытудың, өнеркәсіптік секторда іс-қимылдарды үйлестірудің және бизнес пен үкіметтің өзара іс-қимыл жасау маңыздылығын атап көрсетті. Мұнай саласын дамыту Қазақстанның барлық экономикасы үшін аса маңызды. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі мен бизнес-қоғамдастықтар жергілікті компаниялардың экономикалық қызметке қатысуын кеңейтуге және жергілікті ғылыми-техникалық базаны дамытуға бағытталған саясат жүргізеді. Бұл үшін Мұнай-газ секторын ілгерілетудің кешенді жоспарына сәйкес әр салада бағыттары белгіленді. Атап айтқанда, өндіру секторында – бұл «Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіру секторын дамытудың жол картасын» іске асыру, ол «Шелл» компаниясының тікелей басшылығы мен бастамасы бойынша сала өкілдерінің ұжымдық күшімен әзірленген болатын. Осы процесте KAZENERGY Салалық қауымдастығы мен Қазақстанның Энергетика министрлігі басты рөл атқарады, ал мұнай-газ компаниялары өз қызметін негізгі бағыттар бойынша үйлестірілді, олар геологиялық барлаудан бастап өндіру операцияларына дейін мұнай-газ саласының барлық спектірін қамтиды. Сала өкілдерінің кең шеңберінің консенсусіне негізделген осы ұжымдық жоба мұнай-газ өндіру секторының алдында тұрған міндеттерді нақты түсінуге мүмкіндік берді.       Кездесу барысында қатысушылар негізгі минералды ресурстарды жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ғылыми-зерттеу әзірлемелер саласында жаңа бастамаларды енгізу үшін үкіметтік құрылымдардың барлық деңгейлерінде келісу талап етілетіндігін атап өтті.

Сессиялар барысында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен үкіметтер пайдалана алатын әдістерді енгізу тәжірибесі туралы спикерлердің материалдары өндіру секторындағы жобалар базасы – желілік материалдар жинағына енгізілетін болады. Жоба мақсаты – төмен көміртекті экономикаға жаһандық түрде көшу және тиісті артықшылықтарға ие болу процесіне үлес қосу.

IMG_5469-19-12-18-05-04_.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.