top
top
Жаңалықтар

«KAZENERGY» қауымдастығының Экология, әлеуметтік жауапкершілік пен айқындылық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

2019 жылғы 18 қаңтарда «KAZENERGY» қауымдастығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Винсента Спинеллидің төралығымен және «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжановтың қатысуымен Экология, әлеуметтік жауапкершілік пен айқындылық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің отырысында «ҚР Экология заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмысқа қатысу» нысаналы жобасын іске асыру нәтижелері талқыланды, кеңес мүшелерінің мәселелері айтылып, өзекті ескертулер ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Үйлестіру Кеңесінің қатысушыларына 2019 жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылды:
  • жаңа ҚР Экологиялық кодексінің жобасына және «ҚР кейбір заңнама актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ілеспе заңына ұсыныстар әзірлеу;
  • ҚР Энергетика министрлігінің және басқа мемлекеттік органдардың ескертулерін есепке ала отырып, Кодекс пен Заңға ұсыныстарды пысықтау;
  • Кодекс пен Заңды іске асыруға орындалған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу.

IMG_1777_.jpg


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.