top
top
Жаңалықтар

«KAZENERGY» қауымдастығының қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы

2019 жылғы 1 ақпан күні KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Ә.М. Мағауовтың төралығымен KAZENERGY қауымдастығының қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Отырысқа мемлекеттік органдардың:

1) ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Мамандандырылған басқармасының, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің және ҚР Энергетика министрлігінің;
2) «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, North Caspian Operating Company N.V., «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ, «Жайықмұнай» ЖШС, «ЛУКОЙЛ Оверсиз Карачаганак Б.В.» филиалы және т.б. өкілдері қатысты.

Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібі Қауымдастық мүшелерінің Салық кодексіне (жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бөліміне) ұсынған 20 ұсынысын/түзетуін талқылауға арналды.

Аталған күн тәртібін ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы жұмысының басталуымен негізделді.

2019 жылғы 17 қаңтарда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Р.Е. Даленовтың төрағалығымен ЖТ алғашқы отырысы өтті және Салық кодексіне (бұдан әрі – заң жобасы) өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жоспары айқындалды. Заң жобасы бойынша ЖТ жұмыс жоспары мынаны көздейді:
- 2019 жылғы 1 мамырға дейін ЖТ шеңберінде барлық ұсынылатын түзетулерді қарау;
- 2019 жылғы қыркүйекте заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісіне қарауға енгізу.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Салық кодексіне (жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бөліміне) ұсыныстар/түзетулер пакетін қалыптастырды, олар ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы ЖТ-на жіберілетін болады.


IMG_1783_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.