top
top
Жаңалықтар

25 ақпанда студенттер арасында digital машықтарды қолданумен озық шешімдер құру бойынша идеялар байқауы өтеді

EY компаниясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлестікте Хакатон – техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің арасында digital машықтарды қолданумен озық шешімдер құру бойынша идеялар байқауын өткізеді.

Байқау 2019 жылғы 25 ақпанда Астана қ. Политехникалық колледжінің алаңында өтеді.

Байқаудың мақсаты Қазақстанның таңдаулы колледждерін коммерциялық және өндірістік қызметтің көкейкесті міндеттерін шешуге тарту үшін алаң құру болып табылады. Іс-шараға қатысуға мұнай-газ, электр энергиясы және басқа салалардың жұмыс берушілері мен кәсіби бизнес-қоғамдастықтары шақырылады.

Іс-шараға қатысу үшін жұмыс берушілер байқау қатысушыларына арнап көкейкесті мәселелер, кейстер немесе компания алданда тұрған өндірістік міндеттер дайындаулары және 18 ақпанға дейін Yuliya.Bektemissova@kz.ey.com электрондық мекенжайына растау жолдаулары қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда +7 7172 58 00 57 (ішкі 1730) телефоны бойынша Бектемисова Юлияға хабарласуды өтінеміз.

Без-имени_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.