top
top
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа

maxresdefault_.jpg

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз, Қазақстанның мұнай-газ саласының ардагерлері, Сіздің еліміздің Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміңізді үлкен өкінішпен қабылдадық. Сонымен қатар Сіздің қабылдайтын шешімдеріңіз соңында дұрыс және оларды қабылдау уақыты сындарлы болатындығын біле отырып, біз Сіздің даналығыңызға сенеміз және осы қадамыңызды аса құрметпен құптаймыз.

Отанымыздың мүддесі талап ететін жағдайда Сіздің стандартты адами сезімдерден табанды түрде өте отырып, тағдырлық маңызды шешімдерді нақты қабылдау қабілеттігіңізге тағы бір рет көз жеткіздік. Бұл ішкі және сыртқы ортаға терең талдау жасай алатын, уақыт тынысын ілтипатпен сезіне алатын және өз халқының жаңа ұрпағын дамыту туралы қамқорлықпен өмір сүретін шынай Елбасылардың ғана қолынан келеді.

Сіздің елді басқарған жылдары еліміз тарихта болмаған жетістіктерге жетті, алайда қиын-қыстау күндерді де бастан кешірді. Әсіресе, республика тәуелсіздігінің алғаш жылдарындағы құлдырау есте қалды. Осы кезеңнің экономикалық аласапыраны Қазақстанды тізе бүктіріп, оның табиғи байлығын талан-таражға ұшыратып, ал халқын кедейлік пен бейнетке апарар еді. Бірақ Сіз халқыңыз бен еліңізді осындай жаппай күйреуден шығарып, дамытып, өркендете алдыңыз. Қазақстанның мұнайшылары ел үшін осындай барынша қиын кезеңдерде Сіздің қасыңыздан табылғандығына және сол кезде жалғыз экспорттық өнім болып табылатын мұнайды өндіру үшін тапшы бюджет ресурстарын толықтыра отырып, бар күштерін салғандығына мақтан етеді. Бүгінгі ардагерлер-мұнайшыларымыздың табандылығы, Сізге және Сіздің идеяларыңызға деген шексіз сенімі еліміздің өркендеуі мен табысы үшін базалық факторға айналды.

Сізге мұнайшылар атынан біздің саламызды дамыту бойынша көрсеткен қамқорлығыңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сіз сала проблемаларын соншалықты терең, жете түсіне білдіңіз, ірі шетел мұнай компанияларының басшылары Сізбен кездесу кезінде Сіздің мұнай-газ саласындағы ой-өрісіңізге таң қалып, Сізді елімізде «Нөмір 1 мұнайшы» деп атаған. Сіздің осы жасырын лауазымыңызды мұнайшылар мойындады және ол біздің жүрегімізде мәңгілікке қалады.

Сіздің өзгерістерге қарамастан, бізбен бірге қаласыз деген Жолдауда айтқан сөздеріңіз бізді қуантады. Бұл өте маңызды және елді басқарудың сабақтастығы қамтамасыз етілетіндігіне және Сіздің Қазақстанды дүниежүзінің 30 барынша дамыған ел қатарына қосу бойынша стратегиялық міндеттеріңіз табысты орындалатындығына сенімдіміз.

Мұнай-газ саласының ардагерлері мен қызметкерлері Сізге шын жүректен зор денсаулық, табыс, ұзақ өмір мен жарқын, мол бақыт тілейді! Біз де Сізбен бірге болатындығымызға ант етеміз!

Ұзақбай Қарабалин,
«KAZENERGY» ЗТБ Төрағасының Орынбасары
Қазақстан мұнайшылары қоғамдық бірлестігінің басшысы,
Қазақстанның Еңбек Ері.

Астана. 2019.20.03.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.