top
top
Жаңалықтар

ҚАЖЫМҚАН ҚАСЫМҰЛЫ МӘСІМОВТЫ ЕСКЕ АЛУ

«KAZENERGY» ЗТБ мұнай-газ саласының ардагерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовке, оның туған-туыстарына, жақындарына әкесі Қажымқан Мәсімовтің өмірден өтуіне байланысты орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

photo_277127_.jpg

Қажымқан Қасымұлы Мәсімов көрнекті қоғам қайраткері, көзі ашық, сегіз қырлы адам, Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіптік палатасының басшысы болды.

Ол өз өмірін елімізде спортты дамытуға және салауаты өмір салтына арнады. Қ.Мәсімовтың құрған «Мәсімов сауықтыру орталығы» инновациялық емдеу әдістемелерімен, медициналық қызметкерлердің жоғары біліктілігімен, әр емделушіге деген жеке көңіл бөлуімен ерекшеленген. Орталықта зейнеткерлер мен ардагерлердің, оның ішінде мұнайшылардың емделуі кездейсоқ емес. Қажымқан Қасымұлы әріптестерімен және көптеген оқушыларымен өзінің терең білімімен және баға жетпес тәжірибесімен бөлісе білген.

Қазақ туризм және спорт академиясының спорт медицинасы кафедрасының құрметті профессоры Қажымқан Мәсімовтың еңбегі «Ақпараттық қоғамды дамытуда қосқан үлесі үшін» атты халықаралық медалімен, сондай-ақ Е.В.А. Еуропалық бизнес-академиясының нұсқасы бойынша медицина және фармация саласындағы International Socrates Award лауреаты атағымен аталып өтті.
Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, туған-туыстарының, онымен бірге жұмыс жасаған адамдардың есіңде мәңгілікке сақталады.


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.