top
top
Жаңалықтар

Қазақстан-Венгрия форумында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті көрсетілді

2019 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Hilton Astana қонақ үйінде Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтті. Оның ұйымдастырушылары «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауы бойынша ҚР Сыртқы істе министрлігі, Венгрияның Сауда-өнеркәсіптік палатасы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, сондай-ақ Қазақстан-Венгрия іскерлік кеңесі болды. Венгер тарапының делегациясын Венгрия Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варга басқарды. Форум жұмысына екі елдің іскерлік ортасының 150-ден астам өкілі, оның ішінде венгерлік бизнестің шамамен 100 өкілі қатысты. Шетел қатысушы компанияларының арасында Венгрия Сауда-өнеркәсіптік палатасы, Венгрия Су өткізу шаруашылығының қауымдастығы (MaVíz), MEDITOP Pharmaceutical Ltd, REX-SAN Kft, CH Industries Ltd, Rév Group және т.б. болды.

Бизнес-форум алаңында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті, бірлесіп ынтымақтастық жасау артықшылықтары мен суда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Еліміздің тәуелсіз алған жылдардан бастап Венгрия отандық экономикаға шамамен $200 млн. инвестициялағандығы жөнінде атап өткен жөн. Бүгінгі күні елімізде венгерлік капиталдың қатысуымен 50-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде. Қазақстан мен Венгрия арасындағы сауда айналымы 2018 жыл мен 2019 жылғы 1 тоқсан бойынша $155,4 млн. құрады. Қазақстаннан Венгрияға экспорт 2018-2019 жылдары $28,2 млн. жетті. Осы елден Қазақстанға импорт өткен жылы және ағымдағы жылдың басында $127,2 млн. құрады.

KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов ҚР-да Венгрияның құрметті консулы және Қазақстан-Венгрия іскерлік кеңесінің тең төрағасы болып келеді. Сөз сөйлеу барысында ол елдер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды ынталандырудың тиімді құралдарының бірі Қазақстан-Венгрия іскерлік кеңесі болғандығын атап өтті. Ол Іскерлік кеңесі жұмысының шеңберінде табысты бірлескен жобаларының мысалдарын келтірді. Сонымен қатар Сәрсенов мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту перспективалары жылдан-жылға кеңейіп жатқандығы жөнінде сөз етті. бұған екі халықтың тарихи жақындығы мен олардың ұлттық мәдениет мен дәстүрді дамытуға ұмтылыстары себеп болады.

Қазақстан-Венгрия форумы шеңберінде қазақстандық және венгерлік кәсіпкерлерінің арасында екіжақты кездесулер де өтті. Оларда энергетика, цифрландыруды дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, химия саласы мен машина жасау мәселелері талқыланды.

PHOTO_.jpg

PHOTO-2019-04-30-11-31-37 (1).jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.