«Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» атты семинар-кеңес

«Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» атты семинар-кеңес
Ағымдағы жылғы 29-30 сәуірде "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" (Шымкент қаласы) алаңында «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске ҚР Энергетика министрлігі, KAZENERGY қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ мен «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ өкілдері атынан мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік тараптары қатысты.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Құрманбекова сөз сөйлеп, өңірдің ірі қала түзуші кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау бойынша осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігін атап өтті.

ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б.Маханов семинар-кеңес қатысушыларына ҚР ЭМ жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөнідегі салалық комиссия қызметінің перспективалары туралы баян етті.

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л. Ахмурзина еңбек заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттары, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы жұмысының барысы туралы сөз етті.

Отырыс жұмысына Шымкент қаласының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Б.Қалжанов қатысты, ол баяндамасында республика кәсіпорындары қызметінің кейбір мәселелерін, оның ішінде жұмыс берушілердің жұмысшылардың әлеуметтік-осал санатына қатысты әлеуметтік жауапкершілігі, жалақылары төмен жұмысшыларға жалақысын көтеру туралы мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар ол жалақы бойынша берешектерге байланысты жұмысшылардың құқығын қорғау проблемаларын да айтты. 2019 жылдан бастап республиканың 349 кәсіпорнында 1,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, жалақы бойынша берешек төленіп, 7,9 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Осы кәсіпорындардың басшыларына 277 ұйғарым берілді, 39,9 млн. теңге сомасына 276 айыппұл салынды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әлеуметтік саясат департаментінің директоры Е.М. Рахымбергенов «ҚазМұнайГаз» К АҚ компанияларының тобында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы сөз етті.

Кәсіптік одақтар өкілдері әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық түрінде реттеу, 2017-2019 жылдарға арналған салалық келісімді іске асыру, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімді әзірлеуге қатысу бойынша өз қызметі жөнінде баян етті.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік саясат пен әлеуметтік диалогты дамыту, сондай-ақ мұнай-газ саласында 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімді әзірлеу бойынша жұмыстың перспективалары туралы ұсыныстарын жасады.

Семинар-кеңестер саланың проблемалы әлеуметтік-еңбек мәселелерін талқылау үшін тиімді алаң болып табылады. 2019 жылға республиканың өңірлеріне 7 көшпелі іс-шара өткізу жоспарланған, онда барынша өзекті мәселелерді: ұжымдық шарттар жасасу ерекшеліктері мен мақсаттары, ұжымдық еңбек даларын қарау тәсілдері, ұжымдық шарттар арқылы жұмысшылардың құқығын сақтау және қорғау, Салалық келісім ережелерін іске асыру және т.б. талқылау жоспарлануда.

IMG_9299_.jpg
Комментарий