ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰНАЙ СЕРВИСІ КОМПАНИЯЛАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР ІЗДЕУМЕН ОТС – 2019 КӨРМЕ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА АТТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰНАЙ СЕРВИСІ КОМПАНИЯЛАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР ІЗДЕУМЕН ОТС – 2019 КӨРМЕ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА АТТАНДЫ
АҚШ-та, Хьюстон қаласында әлемдегі аса ірі ОТС-2019 көрме- конференциясы басталды, ол биыл 50-ші рет өтіп отыр.Ең жаңа IT-шешімдер мен әріптестер іздеу үшін АҚШ-қа 15 отандық мұнай сервисі компанияларының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация аттанды. Бұл сапарды еліміздің мұнай-газ жоспарларындағы қазақстандық мазмұнды дамыту мақсатында «Казэнерджи» қауымдастығы мен «Атамекен» ҰКП жанында Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірлестікте құрылған Стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі (Petrocouncil) ұйымдастырды. ОТС-2019 көрме-конференциясында жол салынған ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық тарап қазірде отандық компанияларға қажет технологиялар трансфері мен кәсіби машықтармен алмасуды қамтамасыз етеді. Көрме-конференцияға 100-ден аса елден 60 000-нан аса инженер, техник, басшы, операторлар мен менеджерлер қатысады. Биылғы жылы дәстүрлі жалпыға белгілі компаниялардан басқа 60 инновациялық стартап ұсынылды, олардың жартысы АҚШ-та емес, әлемнің басқа елдерінде пайда болған. Олар 40 инвестициялық компаниямен және корпоративтік инновациялар бойынша департаменттермен кездесті. Стартаптарға қызығушылық танытқандар арасында Anadarko, Chevron мен BP және қызметтердің негізгі жеткізушілері, соның ішінде Бейкер Хьюз, Шлюмберже, NOV және басқалар болды.

Қазақстандық делегация көрме-конференцияға барумен шектелмейді. Отандық компаниялардың директорлары Шеврон, Tiger Offshore Company компанияларымен, сол сияқты мұнай-газ саласы үшін жабдық өндірушілер қауымдастығымен кездесу өткізіп, мақсаты – өндірісті жергіліктендіру және қазақстандық бизнесті дамыту болып табылатын коллаборация мүмкіндігін талқылайды. Bechtel менеджерлерімен Petrocouncil кездесу өткізіп те қойды, онда халықаралық компаниясының өкілі Joe Chazal компанияның қазақстандықтарды әлемнің Bechtel қатысатын басқа мұнай-газ жобаларында күтетіндігі туралы мәлімдеді. Хьюстоннан кейін делегация мұнай сервисі жобалары үшін венчурлық қаржыландыру мүмкіндіктерін зерделеу үшін Нью-Йоркқа барады, сонымен қатар венчурлық қаржыландыру бойынша әлемге танымал ІТ менеджер Томас Селуччимен кездесу өткізеді.

«Біз ірі операторлардан оларға ІТ шешімдер ұсынатын, дәстүрлі процестерді фасилитациялауға қабілетті қазақстандық компаниялар қажет екендігі туралы сұраныстарды үнемі естиміз. Бұл сапар отандық бизнесмендерге қай бағытта қозғалу қажеттігін және таяудағы бірнеше жыл ішінде инфрақұрылымның қалай өзгеретіндігін іс жүзінде көрсететуді көздейді», - деп мәлімдеді Асылбаек Джакиев,Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мұнай-газ операторларымен (ТШО, НКОК, ҚПО) өзара әрекеттесу және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі.

Естеріңізге сала кетелік, еліміздің мұнай-газ жобаларына көбірек қатысуы үшін қазақстандық компанияларды дамыту бойынша “Казэнерджи” қауымдастығы мен «Атамекен» ҰКП күштерін біріктірген Стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі отандық бизнеске жәрдем көрсетуді көздейді. Осы ұйымдар мен ТШО, НКОК, ҚРО және ҚМГ сияқты ірі мұнай-газ операторлары арасындағы белсенді шоғырландырылған жұмыстың арқасында қазақстандық бизнесмендер әртүрлі елдер бастамашылық еткен қажетті ақпаратқа, білім беру, дамыту тренингтеріне және басқа қолдау шараларына қолжетемділік алатын болады.

4.jpg

3.jpg

2.jpg

1.jpg
Комментарий