top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY ЖАСТАР КОМИТЕТІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰНАЙ КЕҢЕСІНІҢ САРАПТАМАЛЫҚ СЕМИНАРЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ПАНЕЛЬДІ ДИСКУССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

2019 жылғы 30 сәуірде KAZENERGY Жастар комитеті Иран елінің Тегеран қаласында мұнай-газ және мұнай-химия салаларында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Сараптамалық семинарына қатысты.

KAZENERGY қауымдастығының Мұнай-газ және энергетика саласын дамыту департаментінің менеджері, KAZENERGY Жастар комитетінің президенті Әсем Мұқажанова еске шектеулі ықпал ету диаграммасы негізінде қайта өңдеу өнеркәсібінде өртке қарсы қорғау жүйесін жобалау әдісі туралы баяндамамен сөз сөйледі. Зерттеу активті, пассивті, рәсімдік және авариялық шаралардан тұратын өртке қарсы қорғау (FPS) жүйесін жобалау әдіснамасында негізделген. Аталған әдіс ықтималдылық теориясына (тәуекелді бағалау) негізделген және өрт қауіпсіздігінің тиімді стратегиясы ретінде қаралуы мүмкін.

KAZENERGY Жастар комитеті қызметі бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. еске шектеулі ықпал ету диаграммасы негізінде қайта өңдеу өнеркәсібінде өртке қарсы қорғау жүйесін жобалау әдісі туралы зерттеуді Nazarbayev University Химиялық инженерия мектебінің студенті, KAZENERGY Жастар комитетінің мүшесі Ерік Тасанбаев Nazarbayev University профессоры Минг Янгтің жетекшілігімен өткізді.

f551f2a2-81f3-4d75-bb17-abb20cce0288.JPG
IMG-1824.JPG

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.