top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының отырысы Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. алаңында өтті

Ағымдағы жылғы 27 маусымда мұнай-газ саласында гендерлік саясатты дамытуды қолдау мақсатында KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының (бұдан әрі - ӘЭК) көшпелі өңірлік отырысы өтті.

Отырыстың ашылуында құттықтау сөзімен КПО бас директоры Эдвин Бло сөз сөйлеп, презентациясын ұсынды. Сөз сөйлеу барысында Эдвин Бло КПО қызметі туралы ақпаратпен, компанияда ер адамдар мен әйелдердің статистикалық деректерімен, ер адамдар мен әйелдердің әртүрлі ұстанымдарда қатысу көрсеткіштерімен бөлісті.

Сонымен қатар іс-шара шеңберінде КПО қызметкерлері компанияда кәсіптік жоғарылау тарихтарымен бөлісті және а.ж. мамырда КПО Әйелдер клубының ашылуы туралы айтты. Әйелдер клубы ұйымдастырушыларының сөздері бойынша бұл тәжірибе бөлісу, дамытуға үлес қосу, компанияның әртүрлі деңгейлерінде өзара іс-қимыл жасау арқылы жаңа білім алу үшін бірегей платформаға айналмақ, мұнда әрбір қызметкер өзінің ішкі әлеуетін аша алады.

Сонымен бірге көшпелі отырыс қатысушылары үшін КПО компаниясы Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнына және компанияның бірқатар өнеркәсіптік объектілеріне баруды ұйымдастырды.

Жоғарыда көрсетілгенмен қатар, ӘЭК Атқарушы комитетінің отырысы өтті, оның шеңберінде KAZENERGY қауымдастығының ЕРРБ бірлесіп іске асыратын «ҚР энергетикасындағы әйелдердің рөлі» ақпараттық-аналитикалық шолуды әзірлеу туралы презентация ұйымдастырылды. Шолуды әзірлеу бойынша мердігер Эргон консалтингтік компаниясы (Ұлыбритания) болды.

Осы Шолуды дайындау мақсаты әйелдің еліміздің мұнай-газ және энергетика салаларын дамытудағы үлесі мен рөлін айқындау болып табылады. Шолуға статистикалық және әлеуметтік деректерді талдау, жұмыс істейтін әйелдерді қолдау бойынша мұнай-газ және энергетика компанияларының ең үздік тәжірибелері, әйелдердің саладағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша халықаралық тәжірибе және саладағы әйелдерді қолдауға бағытталған ықтимал бағдарламалар мен іс-шараларды одан әрі әзірлеу және қолда бар проблемаларды шешуде көмек көрсету бойынша ұсынымдар кіретін болады.

Қазіргі уақытта Қауымдастық мүшелеріне Эргон компаниясымен бірлесіп әзірленген жоғарыда көрсетілген деректерді жинау жөніндегі сауалнама жіберілді. А.ж. 20 шілдеден кейін Эргон ұсынылған деректерді талдауға кіреді және KAZAKHSTAN ENERGY WEEK-2019 шеңберінде 25 қыркүйекте өтетін «Қазақстан энергетикасындағы әйел көшбасшылығының қазіргі заманғы образы» ӘЭК IV Форумында аралық нәтижелерді ұсынатын болады.
ӘЭК Атқарушы комитеті отырысының жұмысында цифрлық тәлімгерлік жобасын іске асыру, ӘЭК IV Форумын ұйымдастыру және өткізу және т.б. мәселелер де талқыланды.

1Q1A1471_.jpg

1Q1A1786_.jpg

IMG_5577_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.