«Student Energy Challenge» конкурсы шеңберінде өткізілген «Shell NXplorers» тренингі туралы

«Student Energy Challenge» конкурсы шеңберінде өткізілген «Shell NXplorers» тренингі туралы
2019 жылғы 1-2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев Университетінің алаңында «Шелл Қазақстан» компаниясы «KAZENERGY» қауымдастығымен бірлесіп, «Student Energy Challenge» жылсайынғы конкурсының IV кезеңіне өткен 13 команда қатысушылары үшін «NXplorers» тренингін өткізді. «NXplorers» тренингін өткізу бойынша авторизацияланған жеке мекеме «Nazarbayev University Research and Innovation System» жүйелі ойлау, сценарийлік жоспарлау тәсілдері мен өзгеріс теориясы кіретін осы тренингті өткізді.

«Ойлаудың жаңа технологиялары» NXplorers бағдарламасы – жас ұрпақ үшін құралдар мен ерекше дағдыларды ұсынатын мамандандырылған әдістеме. Аталған әдістеме инновациялық және тәртіпаралық тәсілдерді пайдалана отырып, ынтымақтастық жасау негізінде нақты өмірдің проблемаларын стандартсыз шешуге мүмкіндік береді.

Тренинг азық-түлікпен, су және энергиямен қамтамасыз ету проблемаларын шешу бойынша командалық жұмыс форматында өтті. Командалар алдында қойылған міндеттер қатысушыларға талдаудың әртүрлі тиімді құралдарын пайдалануға, көптеген факторлардың әсерін ойластыруға және мұныменен ең жақсы шешімдер табуға мүмкіндік берді. Командалардың барлық қатысушылары өз жобаларын таныстыруға және нақты мақсаттарға назарын аударуға үйренді.

Команда капитандары барлық командалардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларға жаңа идеялар мен білім бергендері, сондай-ақ ең бастысы – ең үздік нәтижеге қол жеткізу команданың әр қатысушысының жинақталған білімі мен тәжірибесінің арқасында ғана мүмкін екендігін сезінгендігі үшін алғыстарын білдірді. Тренингтің аяқталуы бойынша балық қатысушыларға сертификаттар берілді.

_DSC0321_.jpg
Комментарий