top
top
Жаңалықтар

Еңбегі сіңген мұнайшы Сафи Өтебаевқа арналған ескерткіштің ашылуы туралы  

А.ж. 1 қыркүйекте Қазақстан мұнайының 120 жылдығын және Сафи Өтебаевтың 110 жылдығын атап өту шеңберінде Атырау қаласында Атырау мұнай және газ университетінің аумағында Қазақстанның мұнай-газ саласының негізін қалаушылардың бірі, бірқатар кен орындарын алғаш ашқан Сафи Өтебайұлына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Биыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Сафи Өтебаевтың есімі берілді. Іс-шараға Сафи Өтебаевтың туыстары мен жақын адамдары, Атырау облысының әкімі, білім және ғылым, энергетика министрлігінің өкілдері, мұнай өнеркәсібінің ардагерлері, мұнай-газ компанияларының өкілдері, университет студенттері мен оқытушылары қатысты.

«KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары, Атырау мұнай-газ университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Ұ.С.Қарабалин өз сөз сөйлеуінде кеңес уақытында Сафи Өтебаевтың бастамасы бойынша 20 жыл бойы елдің ең үздік ЖОО батыс өңірінің 100 студентін конкурсын қабылдады және ҚазПТИ мұнай факультетін ашылуына септігін тигізген. Ол Атырау мұнай-газ университеті мұнай-газ саласындағы ең үздік университеттерінің бірі екенін атап өтті. KAZENERGY қауымдастығы іске асыратын білім беру бағдарламасы шеңберінде отандық оқу орындардың студенттері жыл сайын Сафи Өтебаев атындағы Шеврон компаниясының стипендиясына ие болады.

Атырау мұнай-газ университетінің органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша 2-ші курс студенті Мадина Арыстанова да стипендиат болып табылады, оған салтанатты рәсімде Шеврон Мунайгаз Инк. Атырау өңірі бойынша бас директоры Илияс Серікұлы Күлжанов ақшалай сертификат ұсынды.

Сонымен қатар осы айтулы күнде Атырау мұнай және газ университетінің мұнай-газ факультетінде Сафи Өтебаев атындағы музей ашылды.
J8A1815_.jpg

J8A1820_.jpg

J8A1882_.jpg

WhatsAp_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.