top
top
Жаңалықтар

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылғы 4 қазанда Ақтөбе қаласында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Ақтөбе облысы әкімдігінің, жұмыс берушілер мен Ақтөбе облысының мұнай-газ саласы жұмысшылары өкілдерінің қатысуымен «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Ақтөбе облысының Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы С.Аманбаев құттықтау сөзімен сөз сөйледі. Өз сөзінде ол облыстың мұнай-газ компанияларында әлеуметтік әріптестікті дамытуды және еңбек қатынастарын реттеуді талқылау бойынша іс-шараларды жүргізу қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ Ақтөбе облысында Басқарма жұмысының негізгі бағыттары туралы айтты.

ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б.Маханов семинар-кеңес қатысушыларына 2019 жылы ҚР ЭМ жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысы туралы хабар берді.

ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің мұнай-газ саласында еңбек және әлеуметтік мәселелер басқармасының басшысы Б. Жақсылықов сала кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек қақтығыстарына жол бермеу бойынша іс-шаралар туралы сөз етті.

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л. Ахмурзина өз сөз сөйлеуінде 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнайды қайта өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді іске асыру барысы және 2020-2022 жылдарға арналған жаңа Салалық келісім жобасындағы негізгі өзгерістер туралы айтты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әлеуметтік саясат департаментінің директоры Е.Рахымбергенов компаниялар тобындағы әлеуметтік саясат туралы айтты.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ әлеуметтік саясат туралы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ еңбек ресурстары департаменті директорының орынбасары Т. Шунукова баяндады.

Кәсіподақ өкілдері мүшелік ұйымдарда еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту туралы, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімді әзірлеуге қатысу туралы айтты.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік саясатты жақсарту және еңбек ұжымдарында және салалық деңгейде әлеуметтік диалогты дамыту бойынша ұсынымдар айтылды.

Көшпелі семинар-кеңестерін өткізу мұнай-газ саласында әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы өзара қарым-қатынастардың тиімді жүйесін дамытуға ықпал етеді.

фото-002_.jpg

AS9I4875_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.