top
top
Жаңалықтар

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА «МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК» АТТЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылғы 5 желтоқсанда Павлодар қаласында Салалық комиссия тараптары мен Павлодар облысы әкімдігінің, мұнай-газ саласының жұмыс берушілері мен жұмыскерлері өкілдерінің қатысуымен «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» атты семинар-кеңес өткізілді.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбек құттықтау сөзін айтып, облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне шолу жасады. Ол өңірде әлеуметтік әріптестік дамытуға үлкен көңіл бөлінетіндігін атап өтті. Сонымен қатар ол өңірлік үш тарапты комиссиялар қызметінің сапалы деңгейін, сондай-ақ мұнай-газ секторы кәсіпорындарының өңірді дамытудағы рөлін атап көрсетті. ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары С.Каримов ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Әлеуметтік әріптестік және мұнай-газ саласының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияны дамыту туралы айтты. Павлодар облысының Еңбек басқармасының басшысы А.Қапанов ҚР еңбек заңнамасының негізгі ережелері жөнінде сөз етті. Ол облыс кәсіпорындарымен бірлесіп, жұмыс берушілер мен олардың мердігерлік ұйымдарының жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын, негізгі кәсіпорындарда ғана емес, мердігерлік компанияларда да ұжымдық еңбек шарттарын жасасу маңыздылығы артып жатқандығын атап көрсетті. Капанов өңірдің мұнай-газ саласы кәсіпорындарында олардың жоғары сапасын да атап өтті.

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л. Ахмурзина өз сөз сөйлеуінде 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ және химия салаларындағы жаңа салалық келісімдегі негізгі өзгерістер туралы айтты. «ҚазМұнаГаз» ҰК АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Е.Рахымбергенов компаниялар тобында жүргізілетін әлеуметтік саясат бойынша тәжірибемен бөлісті.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС персоналды басқару және еңбекақыны төлеу департаментінің директоры А.Имантаева зауыттағы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру туралы айтты.

«Қазақстанның мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы С.Қалиев мұнай-газ кешенінің кәсіптік одағының мүшелік ұйымдарында әлеуметтік әріптестік жүйесін және еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу жүйесін дамыту жобасымен таныстырды. Сонымен қатар «Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың негізгі рөлі» тақырыбы да талқыланды. Павлодар облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Д.Айтжанова әлеуметтік әріптестікте кәсіподақтардың рөлі туралы және Консультативтік және медиация қызметтерін көрсету бітістіру орталығы туралы сөз етті.

Жалпы, семинар-кеңес қатысушылары осындай көшпелі отырыстардың маңыздылығын және әлеуметтік әріптестік тараптары арасында өзара қарым-қатынастардың тиімді жүйесін жасау үшін осындай кездесулерді өткізу қажеттілігін атап көрсетті.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек ұжымдарында әлеуметтік саясатты жақсарту және әлеуметтік диалогты салалық деңгейде дамыту бойынша ұсынымдарын ұсынды.

Павлодар--(4)@.jpg

Павлодар--(8)@.jpg

Павлодар--(5)@.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.