top
top
Жаңалықтар

ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің тақырыптық мәжілісі туралы

Бүгін KAZENERGY қауымдастығыгың алаңында ҚР Экологиялық кодексі жобасын талқылау шеңберінде Глеб ЩЕГЕЛЬСКИЙДІҢ төрағалық етуімен ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мұнай-газ және энергетика саласындағы компаниялармен тақырыптық мәжілісі өтті.

Мәжіліс жұмысына Мәжіліс депутаттары: Галина БАЙМАХАНОВА, Марат БОПАЗОВ, Құралай ҚАРАКЕН, Мансұрхан МАХАМБЕТОВ, Ахмет МУРАДОВ, Дархан МЫҢБАЙ, Артур ПЛАТОНОВ, Серік СЕЙДУМАНОВ, Геннадий ШИПОВСКИХ, сондай-ақ,
ҚР Экология, геология және табиғат ресурстары Вице-Министрі Ахметжан ПІРІМҚҰЛОВ, ҚР Энергетика Вице-Министрі Әсет МАҒАУОВ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиясы кәсіпорындары қауымдастығының, энергетика және мұнай-газ саласындағы компаниялардың өкілдері қатысты.

Мәжіліске қатысушылар ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізу мәселелері, оның ішінде экономикалық ынталандыру, әкімшілік және салықтық жауапкершілік, қалдықтарды және ағынды суларды басқару және басқа да мәселелерді талқылады.
Мәжіліс барысында экологиялық стандарттарды, ЕҚТ енгізу мәселелеріндегі мұнай-газ компанияларының ұстанымдары туралы еліміздің ірі мұнай-газ компанияларының төмендегі өкілдері айтып өтті: Жақып МАРАБАЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, Ермек МАРАБАЕВ, NCOC басқарушы директорының орынбасары, Серік ТҮЙТЕБАЕВ, «Самұрық-Энерго» АҚ өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, Руслан Қасымов, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. ҚОҚ нормативтеріне сәйкестік жөніндегі сектордың басшысы, Дастан ҚҰСМАНОВ, «Теңізшевройл» ЖШС ӨҚ, ЕҚҚ және ҚОҚ департаментінің экология жөніндегі кеңесшісі.

Яромир РАБАЙ, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры әзірленіп жатқан Экологиялық кодексте КСШ өндіру үлкен қаржылық және техникалық шығындармен қоса жүретін ірі, сол сияқты ескі кен орындарындағы экономикалық, материалдық-техникалық жағдайларды ескерілуі тиіс екенін атап көрсетті.
Талқылауға қатысушылардың пікірінше, пікір алмасу сындарлы түрде өтті.

MCM_1022-1@.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.