top
top
Жаңалықтар

Астанада  Іскерлік кеңстің 5-ші мәжілісімен бірлескен Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтті.  Бұл шараға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур ЖАҚСЫЛЫҚОВ, Венгрия Ұлттық экономика  министрі Михай ВАРГА, қазақстан-венгриялық Іскерлік кеңестің тең төрағалары, қазақстандық тараптан ҚР Венгриядағы Құрметті консулы Жамболат СӘРСЕНОВ  және Шандор ФАШИМОН, сонымен қатар әртүрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Форум мен мәжілістің ашылуында Жамболат Сәрсенов Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында екіжақты қатынастардың өсіп келе жатқан рөлінің маңыздылығын атап көрсете отырып, құттықтау сөз сөйледі және баяндама жасады. «ЭКСПО ынтымақтастық үшін шектеусіз мүмкіндіктер ашады. Оқиға басталғанға дейін дайындалуға және өз бизнесімізді тиісті деңгейде ұсынуға, инвестициялық мүмкіндіктермен алмасуға және жұмыстың мақсатқа лайықтылығын талдауға уақыт бар», - деп атап өтті KAZENERGY төрағасының орынбасары. Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мынадай цифрларды алға тартты: 2015 жылы Қазақстан мен Венгрия арасындағы сыртқы сауда-саттық айналымының көлемі 102 млн долларды, ал биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша – шамамен 80 млн долларды құрайды.

2005 жылдан бастап Венгрия 100 миллионнан астам АҚШ долларын Қазақстан экономикасына инвестициялады.

Бизнес-форум мен мәжіліс барысында бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Екі елдің іскерлік ортасының өкілдері В2В форматында кездесу өткізді.

KAZENERGY қауымдастығының

баспасөз қызметі

18.10.16-2.jpg   18.10.16-3.jpg


18.10.16-4.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.