top
top
Жаңалықтар

2016 ж. 28-30 қыркүйекте Женева қ. (Швейцария Конфедерациясы) БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Тұрақты энергетика комитетінің 25-ші сессиясы өтті.

Оған Қазақстан Республикасының ҚР-ның БҰҰ-дағы және басқа да халықаралық ұйымдардағы Тұрақты Өкілі Ж. Айтжанова, KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Б.Ақшолақов, KAZENERGY қауымдастығының Атқарушы директоры Р.Жампиисов, сонымен қатар «Астана» Халықаралық қаржы орталығы басшысының кеңесшісі А.Қазыбаев қатысты.

Мәжілісте Қазақстан астанасында өтетін ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі кезеңінде өткізу жоспарланып отырған «Тұрақты энергетика міндеттерін шешу» министрлік конференциясына және «Тұрақты даму энергетикасы» БҰҰ ЕЭК 8-ші Халықаралық Форумына даярлық талқыланды. Министерлік конференция Форум шеңберінде алғаш өткізілейін деп отыр және оның маңызы жоғары. Бұл жөнінде Болат Ақшолақов энергетиканың жаһандық рөлін баса көрсете отырып, сонымен қатар қатысушылардың назарын табиғи ресурстарды, жаңармалы энергия көздерін баланстандырып дамыту, жаңа технологиялар енгзіу және энергия тиімділігінің маңыздылығына аудара отырып, өз сөзінде атап көрсетті. Бұдан әрі Айтжанова ханым ЭКСПО-2017 көрмесінің жобасымен таныстырды және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған экологиялық таза технологиялардың дамуын және облыстың жасыл экономика әлеуетін жақсартатын Астанада жасыл технологиялар орталығын құру жөніндегі бастама туралы айтып өтті. Қазақстан тарабы БҰҰ ЕЭК мүшелері Орталықтың қалыптасуына үлес қосатынына үміттенетінін білдірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан және БҰҰ ЕЭК келесі жылы 4 күн бойы өткізілетін ауқымды іс-шараны даярлау жұмыстарын бірлесіп атқаруда.

Қазақстандық делегация ведомстволардың басшылары арасындағы жемісті пікірталастың нәтижесі болуы тиіс және тұрақты энергетика бойынша бірқатар басым қимылдарды айқындайтын Министрлік декларацияны әзірлеуге қатысушылардың назарын аудартты. Осы құжат шеңберіндегі министрлердің келісімі энергетика саласындағы келісілген, біртұтас, үйлестірілген және кешенді саясатқа, бағдарламаларды іске асыруға және жаһандық энергетикалық сын-қатерлерді шешуге қол жеткізетін іргетас болуы тиіс.

Декларацияның негізгі ережесі және Форум қорытындысы үкіметтің, ғылыми ортаның, экологиялық ұйымдардың, жеке сектордың, болашақ энергиясының жаңа үлгісін құратын бизнес-құрылымның ұсыныстарын топтастыратын «ЭКСПО құндылықтары манифестіне» енгізіледі деп жоспарлануда.

Қазақстан делегациясы басқа мемлекеттерге жоғары деңгейдегі мәжілісіке даярлық бойынша халықаралық кеңес өткізу және бірлескен жұмыстар жүргізу туралы ұсыныс жасады, олар өз кезегінде жоспарланып отыған конференцияға және формуға қатысуға қызығушылық танытты және қолдау білдірді.

БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы К. Фрис Бах алдағы конференцияның маңыздылығын атап өтті және қатысушыларға UNDESA, БҰҰ бес өңірлік экономикалық комиссиясы, SE4ALL, IEA, IRENA және басқа да халықаралық ұйымдар әрекеттестік етуді растағаны туралы хабарлады.

Женевада мәжіліс шеңберінде БҰҰ ЕЭК тұрақты энергетика комитеті бюросы мүшелерінің сайлауы өтті. KAZENERGY Атқарушы директоры Рамазан Жампиисов 27-сессия аяқталғанға дейін 2 жылға Бюроның вице-төрағасы болып сайланды. Оған қоса, қазақстандық делегация БҰҰ ЕЭК Бас Хатшысы және Тұрақты энергетика комитетінің төрағасы Ю. Кайнхорстпен екіжақты кездесу өткізді.

KAZENERGY қауымдастығының

Баспасөз қызметі

+7 7172 79 01 73

shaira@kazenergy.com
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.