top
top
Жаңалықтар

Астана қаласында 7-қыркүйекте Бейбітшілік және Келісім сарайында «Болашақ энергияға бастар жол» тақырыбында XI Еуразиялық KAZENERGY форумының ашылуы болды. Бұл форум биыл Қазақстан астанасында маусымнан қыркүйекке дейін өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінің басты оқиғасы болып отыр.

Форумды  KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырды.

Форумның алғашқы күнінде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің Президенті Тор Файеран, International Energy Forum Бас хатшысы доктор Сун Сяншенг, Грузия энергетика министрі Илья Элошвили, Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак  және басқалары басты спикер болды.

«Энергетикалық қауымдастық үшін маңызды болып табылатын бұл оқиғада «Болашақ энергиясы»  ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесі және «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» министрлер конференциясы шеңберінде мәлімделген тақырыптарды талқылау жалғастырылуда. Бұл шаралар Қазақстанды болашақ энергияға қатысты жаһандық диалогтың көшбасшы елдерінің бірі ретінде айқындайды», - деп мәлімдеді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Форумды ашу сәтінде. – «Бұл диалогтың түпкілікті мақсаты  - БҰҰ тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізу жолындағы нақты қадамдарды белгілеу. Министрлердің маусым айындағы кездесуінің нәтижесінде қабылданған декларация және осы форумның қорытындысы бойынша біздің әзірлеуіміз қажет болатын Қарар да «ЭКСПО» құндылықтар манифесіне енгізіледі. Бұл құжат энергетикалық әлемнің фарватері болмақ».

Министрдің айтуынша, ҚР Энергетика министрлігі McKinsey & Company бірлесіп жүргізген «Форсайт-2050. Жаңа энергия әлемі және ондағы Қазақстанның орны», зерттеуіне сай, бүгінде әлемнің энергия балансы құрылымында дәстүрлі қазба энергия көздері 82%-ды алады: мұнай (32%), табиғи газ (21%), көмір және одан өндірілетін энергия (29%). Баламалы энергия көздері жиынтығында бастапқы энергия тұтынудың 18%-ын құрайды, оның ішіндегі  - 5% үлесті атом алады. Салыстырмалы түрде азғантай үлес күн мен жел энергиясының еншісінде  - 0,1% және 0,6%. Бастапқы энергияның басым бөлігі таяудағы келешекте дәл осы дәстүрлі қазба отынға тиесілі болады. Қ.Бозымбаев Қазақстанның мұнай өндіру бойынша топ-15 елге, көмір өндіру бойынша  топ-10 елге кіретінін және уран өндіру және жеткізу бойынша әлем көшбасшысы болып табылатынын атап көрсетті. Қазақстан экономикасы отын шикізатын экспорттауға өте тәуелді. Бұл біздің елді энергия  тұтындуағы жаһандық өзгерістерге аса сезімтал қылады.  Төмен бағаға қарамастан,  (Қашаған, Қарашығанақ және  Теңіз сияқты) ірі жобалар республикадағы қазіргі өндіру деңгейін ұстап тұр және перспективада ұлғайтылуы да мүмкін деп толықтырды ол өз сөзін. 

Осы орайда энергия тасымалдағыш жеткізілімінің қол жетімділігі, сенімділігі, бәсекеге қабілеттілігі Қазақстан үшін бұрынғысынша біздің энергетика саясатының негізгі факторы болып қала бермек деп сендірді ол. 

Польша энергетика министрінің бірінші орынбасары Гжегож Тобишовский энергетикалық қауіпсіздікті қаматмасыз етудегі Еуропалық Одақтың рөлін атап көрсетті. Польшаның өзін-өзі энергия ресурстарымен қамтамасыз ете алатын азғантай еуропалық елдердің қатарына жататынын ескертіп өтті. Польша сыртқы жеткізілімдерге тек 20% ғана тәуелді, салыстыра айтатын болсақ, ЕО-ның кейбір елдерінің сыртқы жеткізілмге тәуелділігі 50% асады. Елдің осыған қатысты тәуелсіз жағдайы энергетика құрылымының 60%  құрайтын тас көмір және қоңыр көмірдің үлкен қоры арқылы қамтамасыз етіледі.

«Жеке энергия ресурстарының болуы және оны пайдалану – энергетиканы дамыту үшін негіз қалаушы фактор болып табылады», - деп мәлімдеді ол.

Осы тұрғыда Гжегож Тобишовский екі елге жаңарту бойынша бағдарламаларды іске асыра отырып, көмір саласын дамыту қажеттігіне назар аудартып, қазақстандық энергетикамен ұқсастықты атап көрсетті. Ол осы саладағы ғылыми әлеуеттерін ескере отырып, Польша мен Қазақстанның әрі қарайғы ынтымақтастығынан үміттенетінін айтты. 

Қазақстанның энергетикалық жүйесінің екінші  еуропалық ел – Чехиямен ұқсастығын  форумда осы елдің өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Йиржи Колиба да атап көрсетті. Екі елдің де энергетикасындағы көмір үлесі күшті. «СО2 шығарындыларынсыз энергетика  – жаңа үрдіс қана емес, сонымен бірге онсыз болашақ та жоқ», - деп мәлімдеді ол осыған қатысты. Оның деректері бойынша қазіргі уақытта Чехиядағы көмір өндіру үлесі энергетиканың жалпы құрылымының 60% құрайды. 30% атом энергетикасына және 10%  – жаңармалы энергия үлесінде.

Финляндия тұрғынүй саясаты, энергетика және қоршаған орта министрі Киммо Тийликайнен энергетикалық нарықтың трансформациясы және осы саладағы қиындықтарды шешу жолдары туралы айта келе энергеткиалық қауымдастықты бірігуге шақырды. «ЕО климаттық саясаттың рөлін өсірді, бірақ ЕО жалғыз әрекет ете алмайды. Белсенді климаттық дипломатия қажет», - деп мәлімдеді ол Форумның ашылуында.

Ол бұл бағыттағы табыстарға мемлекет пен жеке бизнестің бірігуі нәтижесінде қол жететінін толықтыра кетіп,  жаңармалы энергияны дамыту қажетілігін атап көрсетті.

Финляндияның энергия тиімділігі саласындағы жетістіктер туралы айта отырып фин  министрі өз еліндегі электр желілерінің энергия шығыны  3%  құрайтынын, бұл – басқа елдермен салыстырғанда әсерлі нәтиже екенін хабарлады.

Осы нәтижені түсіндіре келе KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов «Қазақстан үшін бұл қол жетуге ұмтылатын айрықша көрсеткіш екенін» айтты.

Грузия энергетика министрі Илья Элошвили жаңармалы энергия көздерін пайдалануға  көшу өз еліндегі басым бағыттардың бірі болып табылатынын мәлімдеді. Сол себепті энергетика эмиссиясын азайту және ЕО-мен әрекеттесу бұл ел үшін маңызды болып табылады.

Жалпы алғанда Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің Президенті Тор Файеран таяу болашақта дәл осы қазба отын негізгі энергия көзі болып қалатынын және әлемге энергия нарығының жаңа форматына көшу үшін ондаған жылдар керек екенін айтты. Атап айтқанда баламалы отынға көшу бойынша «транспорт үшін жылдам шешім табыла қоймайд». Оған қоса жаңа отынға көшуді қамтамасыз ету үшін өте көп инвестициялар қажет болады, ал мұның өзі  экономика дағдарыстары кезінде аса қиын мәселе.

Джеймса Шлезингер ат. стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының Төрағасы (АҚШ) Адам Семински жүргізген Ұлттық энергетикалық баяндаманың презентациясы XI Еуразиялық КAZENERGY  форумының басты оқиғасы болды. Бұл баяндаманы KAZENERGY қауымдастығы IHS Markit компаниясымен бірлесіп дайындады. Ол 2015 жылғы нұсқасының негізінде,  бірақ жаңа шындықты, Қазақстан Үкіметі белгілеген жаңа міндеттер мен мақсаттарды ескере отырып құрылды. Бұл баяндама ағымдағы жағдай және жиынтығында елдің ЖЭК құрайтын қазақстандық экономиканың базалық секторларын дамыту перспективасы туралы кешенді түсінік қалыптастырады.

Баяндаманы таныстыра отырып А.Семински қазіргі уақытта Қазақстан мұнай-газ секторына шетелдік инвестиция тарту үшін тартымды ел болып қалып отырғанын атап көрсетті. Ол қазір әзірленіп жатқан әрі саланың әртүрлі жобаларын іске асыру үшін сырттан капитал тарту тұрғысындағы ұстанымды күшейтуге бағытталған Жер қойнауы туралы кодекстің рөлін айрықша атап өтті.

Климат туралы Париж келісімі туралы айта келе А.Семински оны іске асыруға әлемнің ірі экономикалары, тіпті АҚШ та әсер ете алмайтынын мәлімдеді. Осы орайда ол Құрама Штаттарда энергия тиімділігі  және энергетика қызметінен құралатын шығарындыларды атмосфераға шығарылуын азайту саясатын ұстануға дайын отырған қалалар, тіпті штаттар да бар екенін еске салды.

Ол Қазақстанның шығарындыларды 1990 жылғы деңгейден 15% азайту бойынша міндеттемесі туралы еске салды және біздің елде бұл мақсатқа қол жеткізілетініне сенім білдірді.

Арасында Халықаралық энергетикалық хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак, Халықаралық энергетикалық форумның Бас хатшысы Сунь Саньшен, KAZENERGY Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин  және басқалары бар  «Энергетикалық ауысулар: қауіпсіздік, қол жетімділік және тұрақтылық» тақырыбындағы интерактивтік пікірталастың қатысушылары Ұлттық энергетикалық баяндамаға жоғары баға берді. Олар аймақтағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның маңызды рөлін және біздің еліміздің әртүрлі деңгейдегі диалогты жүргізуге даярлығын  атап көрсетті.  Осыған байланысты Халықаралық энергетикалық хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак Қазақстанды әртүрлі елдердің энергетика саласындағы әріптестіктерінің орталығы деп атады. Ол Қазақстандағы энергетика диверсификациясының маңыздылығын атап көрсетіп, оған елдің келешектегі табыстары тығыз байланысты деп толықтырды.

Дәл сол күні өткен «Ірі мұнай-газ жобаларын тұрақты дамыту»  тақырыбындағы бағдарламалық сессия шеңберінде, арасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Karachaganak Petroleum Operating B.V., NCOC, Shell, Eni, PSA басшылары мен өкілдері болған сессия қатысушылары 2017 жыл – Қарашығанақ пен Қашаған алып кен орындарын игеру жобалары үшін мерейтойлық жыл болғанын атап көрсетті. Бұл жобалардың ел экономикасы үшін  маңыздылығын атап көрсете отырып олар энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету  үшін кен орындарының әлеуетін әрі қарай дамыту  жоспарлары туралы хабарлады.

Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын игеру бойынша ғаламдық келісімге 20 жыл бұрын, 1997 жылы қарашада, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қ. (АҚШ) сапары барысында қол қойылды. Сол сәттен бастап тәуелсіз Қазақстанның экономикалық даумында жаңа кезең басталды, ол келесі онжылдықта мұнай-газ әлеуетімен айқындалды.

Бұл мега-жобалар қазірдің өзінде барлық операциялық шығындарды өтеп, акционерлер мен Қазақстан Республикасына табыс әкеліп отыр. Кен орнында өндіруді ұлғайту елдің көмірсутегі шикізаты өндірісін ұлғайтып, әлемнің ірі мұнай және газ өндіруші елдерінің  қатарына енгізеді. Жоғары технологиялығы және сәйкесінше осы алып кен орындарының жоғары құны, әлем нарығындағы мұнай бағасының тұрақсыздығы мен төмендігі, Каспий өңіріндегі көмірсутегіге әлем тұтынушылары тарабынан сұраныстың өсуі бұл жобаларды бір уақытта әлсіз тұрақты  қылады. Қарашығанақ пен Қашағанды ғаламдық энергетикадағы жаңа сын-қатерлерді ескерсек, таяу болашақта не күтіп тұр – аталмыш сессияда осы мәселе қозғалады.

Форумның бағдарламасы бойынша бірінші күні «Энергетикалық нарықтардың интеграциясы – сын-қатерлері мен перспективасы» тақырыбында сессия өтті, ол Еуразия Экономикалық Одағының шеңберіндегі ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыру перспективасына шолу жасайтын және тәжірибе алмасатын алаң болды; «Қол жетімді, сенімді және тұрақты энегия көздері», оның қатысушылары әлемдегі энергия баланстағы қазба отынның маңыздылығын мойындады; «Тиімділік пен инновациялар: ғаламдық энергетикалық ауысуларға қол жеткізудің басты факторлары» - мұнда энегия тұтыну жүйесін өзгерте алатын инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері басты тақырып болды.

Сол күні форум алаңында CNPC Қазақстандағы қызметінің 20 жыл ішінде қол жеткізген негізгі жетістіктерінің презентациясы өтті, онда елдің мұнай-газ кешенін дамытудағы Қытай ұлттық мұнай корпорациясының маңызды рөлі атап өтілді.

Сөз сөйлеушілер екі ел арасындағы экономикалық ынтмақтастықты әрі қарай нығайтуға  күш салып келе жатқан CNPC – Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап көрсетті. Корпорацияның табыстары мұнай-газ өндіру секторының және ұлттық экономиканың табыстарына барабар өсіп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына салынған CNPC инвестицияларының жалпы ауқымы 43 миллиард АҚШ долларын құрайды.  Елдің барлық деңгейдегі бюджеттеріне төленген салық және баж салығы сомасы 42,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмыс істеп жатқан кез келген компания мұндай қомақты нәтижеге қол жеткізе алған жоқ. Қытай инвестициясы Ақтөбе облысының мұнай-газ кен орындарын дамытуға күшті серпін берді. Осы инвестициялардың арқасында заманауи газ өңдейтін өндірістер салынды, мұнай және газ тасымалдайтын инфрақұрылым пайда болды, бірнеше мың жұмыс орындары ашылды және әлеуметтік салаға қолдау жасалды. Қытай тарабының қатысуымен жаңа жобаларды іске асыру  арқылы шектес салалардан құралған жергілікті кәсіпорындар үшін Қазақстанның мұнай-газ кешеніне жол ашылды.

Оған қоса XI Еуразиялық KAZENERGY форумы шеңберінде  бірінші күні бірқатар форумдық шаралар ұйымдастырылды. Олардың ішінде Learning for Life IX KAZENERGY Жастар форумы, IX Өндіруші саланың ашықтығы бастамасының ұлттық конференциясы, «Энергетикадағы әйелдер» III KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубы форумы бар. Сонымен қатар ауқымды медиа-бағдарлама шеңберінде Форумның басты спикерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

818.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.