top
top
Жаңалықтар

Қазақстанды ірі мұнай-газ жобаларына тарту кезіндегі отандық мұнай-сервистік компаниялардың қиындықтары Атырау қ. 2017 жылғы 17-қазанда өткен «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің көшпелі мәжілісі барысында талқыланды.

Кездесуге Атырау облысының, «KAZENERGY» қауымдастығының, «Теңізшевройл» және  «NCOC» компанияларының басшылары, мұнай-сервистік компаниялардың өкілдері қатысты.   

Ірі операторлардың жабық тендерлік процедуралары, тендер туралы хабарламаның жоқтығы, тендердің өтпейтіні туралы хаьбарламаның және  қорытындысы туралы хаттаманың жоқтығы, тендер барысында шетелдік жеткізушелірдің алдында қазақстандық жеткізушілерді теңсіз жағдайға қоятын жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында артықшылықтардың болуы. Тендерге қатысу барысында отандық мүнай-сервистік компаниялар ұшырап отырған негізгі қиындықтар осылар.  

«Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты ірі кен орындары бойынша өнім бөлісі туралы келісімдерге сай осы кен орындардың операторлары тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жабық сатып алу жүйесін ұстанады. Бұл норма мынадай салдарларға әкеледі: жер қойнауын пайдаланушылар Энергетика министрлігіне ұсынатын сатып алу жоспарларын өзгерістер енгізген кезде оператор талдамайды, осының салдарынан нақты өткізілетін тендерлерден өзгеше болады; өндірушілер мен жеткізушілер өз қуатылықтарының жүктемесін жоспарлай алмайды. Жеткізушілер базасында біліктілік алған компанияларға тендер қатысушыларын іріктеу қағидаттары  түсініксіз. Шақыру алмаған компаниялар тендер өткізу мәртебесі туралы білмейді. Оған қоса  компаниялар даму және «қатемен жұмыс істеу» бағыттарын белгілей алмай отыр, себебі тендерлік өтінішті қабылдамау себебін білмейді», - деп атап көрсетті өз сөзінде «Қазақстанның сервистік компаниялар одағы»  ЗТБ жобалары бойынша басқарушысы Нияз Жұмат.

Сонымен қатар жоғарыда аталған келісімге сай Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындары бойынша операторлар мен тікелей жеткізушілер импортталатын тауарға салынатын ҚҚС және кедендік баж салығын төлейден босатылған.  Қазақстандық мен шетелдік жеткізушілер арасына шектеу қойылмаса  да, қолданыстағы салықтық заңнама қазақстандық жеткізушілерді  тиімсіз жағдайға қояды.

«Қазақстандық өндірушілер мен жеткізушілердің шетелдік жабдықтарды сатып алған кезде жеткізілетін тауардың бағасына  және сәйкесінше тендерлік өтініштердің бағасына да тікелей әсер ететін кедендік баж салығы мен ҚҚС төлеуге міндетті болып табылатыны олардың жағдайын нашарлатып отыр», - деп атап көрсетті Нияз Жұмат.

Айтылған мәселелерді шешу мақсатында мәжіліске қатысушылар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және «Теңізшевройл» және «Норт Каспиан Оперэйтинг Компани» компанияларының басшыларына жоспарланған тендерлер туралы хабарлама бөлігінде тендерлік процедуралардың өткізілуін нақтылауға, тендерлік өтініштерді қабылдамау себептерін түсіндіруге және тендер қорытындынысының хаттамасына  қатысты ұсыныс жасау қажет деді.

Оған қоса, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның сервистік компаниялар одағы»  ЗТБ, Энергетика министрлігі, ұлттық экономика және қаржы министрліктерімен бірлесіп «ТШО», «КПО», «НКОК» операторларының қазақстандық жеткізушілерін  жеткізілетін құрамдас бөлшектерді сатып алған кезде тікелей келісімшарт бар босла, кедендік баж салығы мен ҚҚС төлеуден босату бойынша  жұмыс тобын құру мәселесін пысықтауы қажет.  

Теңіз кен орнындағы болашақ ұлғайту жобасы және Қашағанды іске қосу  – отандық мұнай-газ саласындағы маңызды қадамдардың бірі және қазақстандық мұнай сервисін дамытуға ықпалы зор деп атап көрсетті мәжіліске қатысушылар. Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы  Қуаныш Балтабаев жобалау, инжиниринг және геофизикалық қызметтер сияқты сегменттерде қазақстандық мұнай сервисі қызметінің сапасын арттыруды ұсынды, себебі бұл бағытта отандық экономика үшін зор әлеует бар.    

«Бүгінгі таңда қазақстандық мұнай сервисі нарығы 5 негізгі сегментке бөлінген, онлағы жергілікті үлес 60% деңгейінде. Сонымен бірге құрылыс және бұрғылау жұмыстары сегментіндегі жергілікті үлес  87% және  64% болса, жобалау, инжиниринг және геофизикалық қызметтер сияқты жұмыс түрлерінде небары - 14% және 16%. Отандық экономика үшін осы бағытта зор әлеует бар деп ойлаймын. Отандық компаниялардың бәсекеге қабілетін арттыра отырып, осы сегменттердегі қазақстандық мұнай сервисі қызметінің сапасын арттыру қажет», - дейді Қуаныш Балтабаев.

 Мәжіліті қорыта келе «KAZENERGY»  қауымдастығы» ЗТБ бас директоры Болат Ақшолақов атыраулық кәсіпкерлердің бір тобына елдің мұнай-газ секторындамытуға үлес қосқаны үшін медаль табыстады. 

IMG_5232.jpgDSC_0491.jpgDSC_0463.jpgDSC_0453.jpgDSC_0580.jpgDSC_0559.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.