ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев KAZENERGY қауымдастығын Министрлер конференциясын және 8 Энергетика жөніндегі халықаралық форумды табысты өткізгені үшін, сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесінің іскерлік бағдарламасына белсенді қатысқаны үшін алғыс

Бүгін, 31-қазанда, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат АҚШОЛАҚОВҚА  Қазақстан Республикасының Энергетика министрі  Қанат БОЗУМБАЕВТЫҢ алғысхаты табыс етілді және ЭКСПО-2017 халықаралық көрме шеңберіндегі Министрлер конференциясы және «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» 8 халықаралық форумды ұйымдастыру  және өткізу бойынша жұмыстарды қауымдастықтың табысты атқарғаны атап өтілді. 

Министр атап көрсеткендей, өткен Форум қоғамдастықтың қызығушылығын туғызды және баспасөзде кеңінен жарияланды.  Форумға әлемнің 90 елінен 2900 делегат қатысты, олардың ішінде 20 министр және вице-министр, халықаралық ұйымдардың 15-ке жуық басшылары (ОБСЕ, ПРООН, ЮНИДО, ФСЭГ, МЭХ, МЭА, ИРЕНА және басқалары), сонымен қатар ірі энергетикалық компаниялардың басшылары болды.

Министрлер конференциясының барысында  осыған дейін келісілген энергия тиімділігі саласындағы жетістіктерді, энергетика секторындағы парниктік газдар шығарындыларын азайтуды  және энергияның көпшілікке қол жетімді болуын қамтамасыз етуді ескере отырып,  2030 жылға дейінгі кезеңдегі жаңа Ғаламдық күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша бірқатар шараларды қамтитын Министрлер мәлімдемесі қабылданды.  

Мәлімдемеде Астана қ. «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалар бойынша халықаралық орталық құруға БҰҰ басты ұйымдары қолдау көрсететіні де қамтылған. Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі орталықты қалыптастыру бойынша  белсенді жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Өз кезегінде  Болат АҚШОЛАҚОВ жан-жақты қолдау көрсеткені үшін министрлікке алғыс білдіріп, мәжіліске қатысушыларға өткен ЭСКПО бағдарламасының басты шараларының: Министрлер конференциясының және XI Еуразиялық KAZENERGY форумының қысқаша қорытындысы туралы айтып өтті. Осылайша, Министрлер конференциясы барысында  бірқатар екіжақты шарттарға  -  ИТЭР термоядролық энергия жөніндегі халықаралық ұйым және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Жамбыл облысындағы «БУРНОЕ СОЛАР» күн электр станциясын  100 МВт дейін ұлғайту бойынша жобаға қолдау көрсету және әрекеттестік ету туралы келісімге, «БУРНОЕ СОЛАР-2 50 МВТ» жобасы бойынша кредиттік келісімге - қол қойылды. Ұлттық энергетикалық баяндама және (Тәуелсіз Қазақстанның мұнай-газ саласы» екі томдық кітабы ұсынылды.

АҚШОЛАҚОВ сонымен қатар қауымдастықтың таяудағы басымдықтарын атап өтті, олар  – жасыл энергетикаға өту мүмкіндіктерін зерттеу, заң шығару қызметтеріне белсенді қатысу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сонымен қатар қоршаған ортаны сақтау және оның қауіпсіздігі.

Іс-шара барысында азаматтық сектордың өкілдерімен кездесу өтті, онда  қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелер талқыланды. Мәжілістің күн тәртібіне Қ.Бозымбаевтың Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметтері туралы баяндамасы, Қоғамдық кеңестің экология комитетінің төрағасы  Салтанат Рахымбекованың және KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақотың баяндамалары енгізілді.

Қанат Алдабергенұлы  іске асырылатын бағдарламалар, басты көрсеткіштер, қоршаған ортаны қорғау саласын әрі қарай дамыту бойынша міндеттер туралы министрліктің негізгі бағыттарына және қызметтерінің нәтижелеріне қысқаша шолу жасап, жиналғандардың назарына  ұсынды.  Министр 2020 жылға қарай елімізде ЖЭК 103 объектісі салынатынын, сонымен қатар жазда ЭКСПО-2017-де ұсынылған шетелдік павильондардың технологиялары министрліктің жұмыстары шеңберінде іске асыралытынын мәлімдеді.    

Кездесу соңында министр еңбектері «Нұр-Әлем» қазақстандық павильонында ұсынылған  танымал қазақстандық ғалымдарға да: А.С.Тәукенов, Ж.Б.Бәкенов, Б.Т.Ермағамбет, А.Ш.Әлімғазин, Б.И. Диханбаев және Д.М.Байсейітовқа алғысхат берді. 

IMG_8095.jpgIMG_5919.jpg

Комментарий