top
top
Жаңалықтар

Венгрия  Президенті Янош АДЕР Венгрияның құрметті елшісі, Венгрия-Қазақстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат СӘРСЕНОВТЫ венгрия-қазақстандық экономикалық және сауда байланыстарын дамытқаны үшін, венгриялық бизнес мүддесін, сонымен қатар мәдени-тарихи қарым-қатынастарды сақтау бойынша мүдделерді  алға бастырғаны үшін «Рыцарьлық Крест» орденімен марапаттады.  

Ж. СӘРСЕНОВКЕ Венгрия Президенті атынан орденді Алматы қ. Венгрия Бас консулдығында салтанатты шара барысында Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д-р Барани АНДРАШ табыстады.

«Рыцарьлық Крест» Ордені – бастапқыда Венгрия Корольдігінің (1922-1944 жж.), кейіннен 1991 жылдан бастап Венгрияның мемлекеттік және әскери еңбегі үшін берілетін жоғарғы мемлекеттік наградасы.

WhatsApp_Image_2017-11-21_at_17.46.12.jpeg

6d7431ea-336f-4e1a-ba9f-dd448f1e71b8.jpg

Алматы, 20 қараша 2017 ж.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.