ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

размер шрифта: Aa | Aa

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы қазақстандықтар жыл сайын ерекше ықыласпен күтетін саяси өміріміздің елеулі көрінісіне айналды. Себебі Жолдау əрдайым мемлекеттің ішкі, сыртқы ахуалына сараптама жасап, бағыт-бағдарын айқындайды, əлемде болып жатқан құбылыстарға баға береді. Осы тұрғыдан қарағанда, биылғы саны жағынан он үшінші Жолдаудың жылдағыларға қарағанда ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік жаһандық экономикалық кеңістіктегі орын алған дағдарысты жағдайды еңсеруде қандай бағыт ұстанатындығымызбен байланысты. Осы орайда қоғамды толғандырып отырған бірнеше сұрақтар туындауда: Дағдарыстан шығудың жолы бар ма? Ол қандай? Бұрынырақ қабылданған əлеуметтік бағдарламалар жалғасын таба ма? Алға қойған мақсат- міндеттеріміз қандай? Бағыт-бағдарымыз айқын ба?

 Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың 2009 жылы 6 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында осы сұрақтарға толық жауап берілді, халықтың рухы көтеріліп, сенімі тұрақтандырылды деуге негіз бар. Өйткені биылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты жолдау-үндеуде барша əлемді алаңдатып отырған күйзеліс кезеңінен ширығып шығудың жолдары қарастырылған. Президент өз Жолдауында бүгінгі қалыптасып отырған экономикалық дағдарысқа, оның елімізге тигізіп жатқан əсеріне, соған байланысты Үкіметтің атқарып жатқан шараларына қатысты бірқатар мəселелерді жан-жақты баяндап берді. Сонымен, Елбасы кезекті Жолдауын «Қазіргі əлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. Халқымыз мұндай күйзе- лістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп, сабыр сақтап, ынтымақ- бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. ... Дағдарыс- тар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ бола- шағы сияқты құндылықтар мəңгі қалады», деп бастап,  алға қарай даму үшін дағдарыстан шынығып, ширап шығуымыз қажеттігіне əлденеше рет көңіл бөлді.
Тұтастай алғанда, Жолдаудың басты мазмұны – дағдарыс жағдайына қарамастан, еліміздің стратегиялық басымдықтары өзгеріссіз қалатындығында жатыр. Əйтсе де, дағдарыстың əсерін ескере отырып, қабылданған жоспарларға, түрлі бағдарламаларға кейбір өзгерістер енгізілетін болады, бұл жағдай мем- лекет саясатындағы əлеуметтік басымдықтарға кері ықпалын тигізбейді. Аталған құжаттағы көңіл бөлетін мəселелердің бірі - дағдарыс уақытында елдің дамуының ішкі резервтерін кеңінен пайдалану, яғни тиімді мемлекеттік саясат жүргізу, барлық деңгейдегі шенеуніктердің бірдей жауаптылығын жəне қоғамның өзара ынтымағы мен бірлігін арттыру. Президент Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дағдарыстан алдын-ала сақтану шараларын іске асырып, дағдарысқа қарсы тұтастай бағдарлама қабылдаған мемлекеттердің бірі.
Жалпы алғанда, мемлекет ғаламдық дағдарыспен күресуге 2,7 трлн. теңге қаржы бөлді. Ол қаражат ең маңызды, ең қажетті деген салаларды түгелдей қамтыды. Мысалы, тұрғын үй құрылысы секторына – 545 млрд, шағын жəне орта бизнеске – 275 млрд, АӨК-ті дамытуға – 280 млрд, инфрақұрылым- дық жобаларды жүзеге асыруға 120 млрд. теңге бөлінді. Онымен қоса, отандық қаржы жүйесінің тұрақты- лығын қамтамасыз ету үшін банктерге қаржылай қолдау көрсетілуде, жеке тұлғалардың салымдары бойынша 700 мыңнан 5 млн. теңгеге дейін кепілдік берілетіндігі заңдастырылған.
Біздің болашағымыз үшін ең басты мəселе – елдегі əлеуметтік тұрақты- лық. Осы орайда Елбасы өз Жолдауында бұған дейін айтылған барлық əлеуметтік қолдаулар толығымен орындалатындығына сенім білдірді.
2008 жылғы «Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауда көрсетілгендей бюджеттік мекемелерде істейтіндердің жалақылары мен шəкіртақылар 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға, орта жəрдемақы 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға көбейетіндігі сақталған[2]. Сондай-ақ, биылғы Жолдауда жоғары оқу орындарында оқитындардың төлем ақысын төлеп тұруына жағдайлар қарасты- рылған. Бұған арнап мемлекет 11 мың грант, 40 мың несие бөліп отыр. Мұның бəрі күннен-күнге қарқындап келе жатқан дағдарыстың салдарын алдымен сезіну қаупі күшті топтарға бірінші ретте көңіл бөлгендік, соған қажетті жағдайдың бар екендігі.
 
 
Əйтсе де, атқарылып жатқан ауқымды шаралармен қоса, Жолдауда дағдарыс кезеңінде жəне одан кейін еліміздің дамуының басым бағыттарын белгілейтін жаңа жоспар қабылдау ұсынылды. Алдағы екі жылда эко- номиканы жаңғырту жəне еңбекпен қамту стратегиясын жүзеге асыруға 600 млрд. теңге жұмсалады. Яғни, шикізат саудасынан түсетін түсім бұрынғыдай Ұлттық қорға аударылмай, ұлттық экономикамызды жаңғыртуға жұмсалады. Бұл уақытша, бірақ қажет- ті шара қазіргі кездегі қолымызда бар қаржылық қорды, яғни, 47 млрд. АҚШ долларын сақтауға мүмкіндік береді. Дағдарыс ұзаққа созылған жағдайда бұл қаражат тұрақтылығымызға кепіл болып тұрады.
Қаржылық қиындықтан аз шығынмен шығудың тағы бір жолы ретінде бюджеттің барлық баптары бойынша қатаң үнем жасау жəне қаржы жұмсауға мұқият болу қарастырылған. Осыған орай, Елбасы Үкіметке ел бюджетінің шығындарын оңтайландыруды жəне апталық мониторинг режімінде бюджет қаржысының жұмсалуын қатаң қадағалауды тапсыр- ды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көптеген мəселелермен қатар, халықты жұмыспен қамту жайына да ерекше назар аударды. Ел экономикасын арттырудың да, əлеуметтік ахуалды сауықтырудың да ең басты жолы – еңбек жасындағы адамдардың экономикалық бастамашылдығын арттырып, іскерлік қабілетін танытуы-
на жағдай жасау, жұмыссыздықты жою. Əлемдік қаржы дағдарысы жағдайында еліміздің жұмыспен қамту стратегиясы кадрларды қайта оқыту мен қайта дайындауға бағытталмақ, яғни бұл мақсатқа 140 миллиард теңге жұмсалуы жоспарланған. Мемлекеттің қоғамдық жұмыстарды қоспағанда кем дегенде 350 адамға жаңадан жұмыс орындарын ашып беруге мүмкіндігі бар. Жаңа жұмыс орнын жасау, қоғамдық қызметтер көбейту өңірлік дамуға да
оң ықпал етпек. Еңбек рыногын дамыту мəселесі коммуналдық желілерді жөндеу, тас жолдар төсеу, мектептер мен ауруханаларды жаңалау арқылы шешімін таппақ.

Əрине, ғаламдық қаржылық- экономикалық дағдарыс əкелген қиындықтарды уақытша құбылыс ретінде қабылдап, соған қарамастан, отандық экономиканы жаңғырту
мен базалық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру шарт. Осы мəселеге де Жолдауда айрықша көңіл бөлінген. Соның ішінде, ең алдымен болашағы бар инвестициялық жобалар қаржыландырылатындығы көзделген. Атырауда мұнай-химия кешені, Мойнақта су электр стансасы, Балқашта жылу электр стансасы салына- ды. Екібастұздағы екі бірдей ГРЭС-тің қосымша блоктары іске қосылады. Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ бағытында магистралды газ құбыры тартылып, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автөкөлік дəлізінің құрылысы да биылға меже- ленген. Бұл жобаларда шамамен 5 мыңдай адам жұмыс істейді, ал 2010-
2012 жылдары олардың саны 50 мың адамға дейін жетеді деп жоспарлануда. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев 2009 жылғы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылық саласын бəсекеге қабілетті өнімдерді мол өндіріп, оны экспортқа шығарып, еліміздің бюджетін тұрақты түрде толықтырып отыратын рентабельді салаға айналдыру міндетін қойды. Осыған байланысты 2009-2011 жылдарға арналған 3 жылдық бюджетте жыл сайын ауыл шаруашылығын 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы қаралды,  Ұлттық қордан экономиканы тұрақтандыру үшін бөлінген 10 миллиард АҚШ долларының 1 миллиарды ауыл шаруашылығын да- мытуға бөлінді. Осы шаралар арқылы біз бір уақытта екі маңызды міндетті шеше аламыз. Оның біріншісі – азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі – экспортты əртараптандыру. Осылайша, экономиканың өзге салалары сияқты агроөнеркəсіп саласы да бəсекелестікке қабілетті бола алады. Бұл бір жағынан ауылдағы көңіл күйді жақсартады, ауылдықтар жұмыспен қамтыла бастайды, екінші жағынан, ауылдың кейпін көркемдеуге мүмкіндік туады. Бізде қазір төрт мыңдай ауылдық елді мекен бар, онда халқымыздың 47 пайыздайы тұрады, ендеше, бұл– біздің келешегіміз, игі бастама.
Сонымен бірге, биылғы Жолдауда жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге мəн берілген. Егер де, сол өңірдің дамуына жəне мемлекеттің экономикалық өсуіне қажетті өндіріс орындары жергілікті жерлерде бүгін жоқ болса, оларды ашу жайы, сол арқылы бизнестің мүмкіндігін артты- ру мəселесі де айтылды. Мəселен, елдегі іскерлік белсенділікті сақтау үшін шағын жəне орта кəсіпкерлікке 275 миллиард теңге қаржылай қолдау жасалды. Əкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі жұмыстар табанды жалғастырылуда. Ал бұл жұмыстардың өңірлерде тиімді атқарылуының жауапкершілігі жергілікті əкімдердерге жүктеледі.
Жалпы, кез келген қиыншылықтың пайдалы жақтары да болады, биылғы Жолдауда көпшіліктің ойында жүрген, осы уақытқа дейін тиісті мəн берілмей келе жатқан мəселелер айтылып, оларды шешудің жолдары көрсетілген. Дегенмен, жоғарыда қарастырылған мəселелер, көп жағдайда халықтың өз қолымен өзі үшін жасалатын, қандай дағдарыс немесе қиын жағдай болып жатса да өз дəрежесінде атқарылатын жұмыстар. Осы орайда басты мəселе- əр жеке тұлға салқынқандылық танытпай, масылдыққа бой алдырмай, өз мүмкіндігін пайдалана біліп, бар күш-жігерін жұмылдыра алуында. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында осындай кезеңде дағдарысқа қарсы тұрудың басты,
əрі маңызды жолы – үлкен ынтымақ, еңбекқорлық, бірлік көрсету екеніне ерекше тоқталды: «Бүгінгідей қиын- қыстау кезеңде мен туған халқымның ынтымақ пен ауызбіршілік танытарына сенемін. Сіздер өздеріңіз бас болып өзге отандас ағайындарға ұйытқы болыңыздар. Əрдайым кеңдік пен кемеңгерлік, сабырлылық пен іскерлік көрсетіңіздер. “Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген аталы сөзді бəріңіз білетін шығарсыздар. Олай болса, енді ұсақ-түйекті, берекесіз тірлікті доғарған жөн. Ел үшін, ұрпақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді, ағайын!» дей келе, ауызбірлікке, дағдарыс кезеңінің жүгін жұмыла көтеруге шақырды.
Жоғарыда атап өткендей, бұл дағдарыс уақытында халықты жұмылдыратын, басын біріктіретін, қиындықтан шығудың жолдарын нақты көрсететін Жолдау болды. Нақты іс-шараларды тізбелей отырып, Президент оларды қалай игеру жөнінде, халық арасында
жұмыс ұйымдастыруда, елдің басын біріктіруде əр түрлі қоғамдық ұйымдар- дың, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлін айрықша атап өтті. Əсіресе, дағдарыс кезінде жұрт жұдырықтай жұмылып, халықтың мүмкіндігі өз тұрмыстарын жөн-
деуге, мемлекеттің, ел тəуелсіздігінің нығаюына дұрыс пайдаланылғаны ауадай қажет. Бұл бірінші кезекте, əрбір азамат ел дамуына өз үлестерін қосуды абыройлы борышындай қа- былдауына, саналы түрде дағдарыстан шығуға əркім өз орнында белсенді ат салысуына тікелей байланысты. Қорыта айтқанда, үстіміздегі жылғы Президент Жолдауы халықты мем- лекетшілдігімізге жұмылдыратын құжат. Қазіргі уақытта басты міндет– бұқаралық ақпарат құралдарында, халық арасында Жолдаудың мазмұнын түсіндіру, дұрыс насихаттау, қазақстандықтарға оң бағыт беру. Елбасының жолдауында көрсетілген көптеген жаңа ойлар, тың пікірлер, жаңа бағыт, жаңа жоспарлар қолға алынып, жүзеге асырылса, қаржы дағдарысынан аман-есен шығамыз деген үмітіміз зор болар еді.