Мәсімов «Эксон Мобил» және «Шеврон» өкілдерімен кездесті

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 17:49

 ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Эксон Мобил» корпорациясының аға вице-президенті  Марк  Альберсті, Шевронның Еуразиялық  бөлімінің басқарушы директоры  Скотт Дэвисті қабылдады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов бүгін   Каспий-еуропалық ықпалдастық  іскерлік клубының  өкілі Тельман Әлиевпен дәне клубтың мүшелерімен  кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, 4-5 қазан  күндері  Астанада ел тәуелсіздігінің 20  жылдығына орайластырылған   KAZENERGY VI Еуразиялық  форумы  өтуде. 

Форумға қатысушылар «Мұнай-газ және энергетикалық кешендерді ұзақ мерзімдік дамытудың орнықты моделі - энергиямен қамтудың барабар әлемдік жүйесі»;  «Мұнай-газ саласын дамытудың жаңа көкжиектері: инновациялар және жаңа технологияларға инвестиция салу»;  «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы: жергілікті мазмұнның өсуі»  және  т.б.  тақырыптарды  талқылайды.

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ 

PDFПечатьE-mail