Астана Қарашығанақтағы үлеске айырбас ретінде салық бойынша қарыздарды кешірмейді – МГМ басшысы

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 17:44

Ресми Астана Қарашығанақтағы үлеске айырбас ретінде салық бойынша қарыздарды есептен шығармайды, деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

«Салықтарды ешқашан есептен шығаруға болмайды, бұл Қарашығанаққа да қатысты. Қарашығанақтағы үлеске айырбастау үшін салықты есептен шығару болмайды», - деді С. Мыңбаев сейсенбі күні KAZENERGY VI Еуразиялық форумының аясында КРО-мен келіссөздердің дамуына қатысты журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Министр ҚР-дың консорциумға салық бойынша наразылықтарының көлеміне тоқталғанда, «бұл жерде сөз болашақта (салық салу кезінде - ҚазТАГ) әр түрлі түсінуге жол бермеу үшін айтылып отыр және бұл айқындық сәйкес құжаттарда тіркелуге тиіс».

«Барлық мәселелер, салықтық, салықтық емес, жинақталғанның бәрі талқыланып жатыр. Бұл екі жақ үшін орынды, бәрін аяғына дейін қарау, сараптау, уағдаластықтарды рәсімдеу орынды, сонда тыныш жұмыс істейміз», - деді ол.

Еске сала кетейік, BG Group компаниясының Еуропа және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Крис Финлейсон сейсенбі күні KAZENERGY VI Еуразиялық форумының аясындағы баспасөз мәслихатында ҚР-дың Қарашығанақ жобасына кіруі туралы келіссөздер 2011 жылдың соңына дейін аяқталатынын хабарлаған болатын. Оның алдында МГМ басшысы келісімге 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында қол жеткізіледі деп болжаған.

Бұрын хабарланғандай, әлемдегі ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игеріп жатқан КРО шетелдік мұнай компанияларының консорциумы Қазақстанға жобаның 10% беруге келіскен. 5% нарықтық бағамен сатылып, 5% тегін беріледі делініп отыр.

Алғаш рет Қазақстанның осы жобадан үлес сатып алғысы келетіндігін 2009-шы жылы желтоқсанда ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

1997 жылы қол қойылған және 40 жылға есептелген ӨБК-ге сәйкес, консорциумға қатысушылардың үлестері келесідей: British Gaz Group (BG) пен Eni - 32,5%, Chevron - 20% мен «Лукойл» - 15%.

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ 

PDFПечатьE-mail