ҚР-дың Қарашығанақ жобасына кіруі туралы келіссөздер 2011 жылдың соңына дейін аяқталады - BG Group

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 17:42
ҚР-дың Қарашығанақ жобасына кіруі туралы келіссөздер 2011 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлады BG Group компаниясының Еуропа және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Крис Финлейсон.

«… Қазақстанмен келіссөздер (Қазақстанның Қарашығанақ жобасының үлесін сатып алуы туралы - ҚазТАГ) ынтымақтастық рухында жүріп жатыр, келіссөз осы жылдың соңына дейін келісімге қол қоюға әкеледі деген үміттеміз», - деді К. Финлейсон сейсенбі күні KAZENERGY VI Еуразиялық форумының аясындағы баспасөз мәслихатында.

Бұрын хабарланғандай, әлемдегі ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игеріп жатқан КРО шетелдік мұнай компанияларының консорциумы Қазақстанға жобаның 10% беруге келіскен. 5% нарықтық бағамен сатылып, 5% тегін беріледі делініп отыр.

Алғаш рет Қазақстанның осы жобадан үлес сатып алғысы келетіндігін 2009-шы жылы желтоқсанда ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

1997 жылы қол қойылған және 40 жылға есептелген ӨБК-ге сәйкес, консорциумға қатысушылардың үлестері келесідей: British Gaz Group (BG) пен Eni - 32,5%, Chevron - 20% мен «Лукойл» - 15%.

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ 

PDFПечатьE-mail