МГМ Қазақстан норвегиялық Statoil-мен бірге «Абай» блогын барлауға «жақын уақытта» кірісуге уәде берді

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 17:35

Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Қазақстан норвегиялық Statoil-мен бірге «Абай» блогын барлауға жақын уақытта кірісуге уәде берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

 «Біз жақын уақытта норвегиялық Statoil-мен «Абай» блогында барлау жұмыстарына кірісеміз», - деді С. Мыңбаев сейсенбі күні KAZENERGY VI Еуразиялық форумында.

«Кейін «Хвалынское» мен «Центральное»кен орындарында ресейлік «Газпром»және «Лукойл»компанияларымен әріптестікте.Әзірге Ресейдің мемлекеттік органдарымен шешілмеген мәселелер бар», - деді ол.

Сондай-ақ, министрбасқа жобалардың жүзеге асырылу жайы туралы да айтты.

 «Шағала» мен «Исатай» блоктары бойынша ENI-мен әріптестікті жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Ол «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы N учаскесі бойынша 51% қатысу үлесімен «Коноко Филипс» пен «Мубадалла» компанияларымен әріптестікте жұмыс істеп жатқанын еске салды.

«Ракушечное – море» құрылымында алғашқы барлау ұңғымалары бұрғыланды, онда көмірсутек қоры бары туралы алғашқы қуаттау бар. Барлау жұмыстары бағдарлама бойынша жүріп жатыр», - деді С.Мыңбаев.

«Жемчужина» учаскесі бойынша ұлттық компания «Шелл» және «Оман Ойл» компанияларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша «Хазар» мен «Әуезов» құрылымдарында газ бен мұнай бар екенін көрсетті. Қатысушылар кен орындарын игеру тұжырымдамасын жасап жатыр», - деді МГМ басшысы.

Сондай-ақ, ол «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2010-2011 жылдары «Лиман» және «Ұрықтау» блоктарында кен орындарын ашты.

«Қазір оларды қосымша барлау мен бағалау жүріп жатыр», - деді министр.

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ 

PDFПечатьE-mail