Премьер Қазақстан атом қуатын игеру саласында алғашқы қадамдарын жасап отыр деп есептейді

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 17:33

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан атом қуатын игеру саласында алғашқы қадамдарын жасап отыр деп есептейді.

«Біз атом қуатын игеру саласында алғашқы қадамдар жасап отырмыз. Біз маусым айында энергетикалық дамудың тұңғыш бағдарламасын қабылдадық. Ол Қазақстанда алғашқы АЭС салуды қарастырады», - деді ол сейсенбі күні «Қазақстан: 20 жыл тұрақты даму, инвестиция мен ынтымақтастықтың жаңа белестері» атты KAZENERGY-дің VI Евразиялық форумында сөйлеген сөзінде.  

Оның айтуынша, биыл көктемде Жапонияда болған жер сілкінісі мен «Фукусима» АЭС-інде орын алған жағдай «осы секторды дамытуда ойлануға жаңа бағыттық мүмкіндік беріп отыр».

«...Бірақ, біз энергетиканың осы саласын дамытуда Қазақстанның толық мүмкіндігі бар деп есептейміз», - деді ол.

К. Мәсімов «Фукусимо сабағы түптеп келгенде қуат секторының қауіпсіздігін дамытуға септігін тигізуі тиіс» деп атап өтті.

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ 

PDFПечатьE-mail