Премьер экономикадағы тұрақсыздық қуат шикізатына деген сұранысты арттырады деп есептейді

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 17:32

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов экономикадағы тұрақсыздық қуат шикізатына деген сұранысты арттырады деп отыр.

«Біз экономикадағы тұрлаусыздық дегенмен энергетикалық шикізатқа деген сұранысты арттыра беретінін ескеруіміз керек. Тиісінше, осы сектор қуаттың жаңа түрлері мен қажет көлемін беріп отыруы өте маңызды», - деді премьер сейсенбі күні «Қазақстан: 20 жыл тұрақты даму, инвестиция мен ынтымақтастықтың жаңа белестері» атты KazEnergy-дің VI Евразиялық форумында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

«Сондықтан климаттық өзгерістерді ескерсек, қазірдің өзінде сезіліп отырған қауіп-қатер өте елеулі екенін сезіну керек. Демек, экологиялық тұрақтылық, энергетикалық қауіпсіздік жақын келешектегі біздің саясатымызды айқындайды. Сондықтан біз Қазақстанда осы ғаламдық проблемаларды осындай тұрғыдан қарастырып отырмыз», - деді К. Мәсімов.

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева.

PDFПечатьE-mail