Экономиканың өркендеп кетуі күтілгеннен баяу болады, деп есептейді Мәсімов

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 17:31

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов әлем экономикасының қаржылық-экономикалық дағдарыстан соңғы өркентеп кетуі күтілгеннен мүлдем баяу болады деп септейді.

«Біз дамушы экономика ғаламдық сауығудың көшбасында болатынын сезініп отырмыз. Бұл капиталдың өсуінде де және дамудың тежеліп отырғанынан да көрініс беріп отыр. Тиісінше, біз экономиканың қалпына келуі күтілгеннен мүлдем баяу болады деп есетейміз», - деді ол сейсенбі күні «Қазақстан: 20 жыл тұрақты даму, инвестиция мен ынтымақтастықтың жаңа белестері» атты KazEnergy-дің VI Евразиялық форумында сөйлеген сөзінде

«Әрине, қуат жүйесі тұңғыш рет осыншама беймәлім кезеңге тап болып отыр. Бірақ келешекте бұл сектор өте үлкен капитал салуды қажет ететінін атап өту керек. Одан да анығы біздің энергетикалық жобаларымыз бұрынғыдан капиталды көп қажет етіп отырғаны», - дей отырып, К. Мәсімов, Қазақстан үкіметі «қажет инвестицияны тарту үшін серпінді дамып отыруы керектігін» түсінетінін атап кетті.

«Біз энергетика саласын дамыту үшін қажет жағдайларды жасап, оның ішінде адам капиталы мен инфрақұрылымдарға, технологияларға инвестиция салу саясатын одан ары қолдамақшымыз», - деп атап өтті ол.

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева.

PDFПечатьE-mail