МГМ басшысы «Қашаған» жобасының 2 фазасының дамуы белгісіз екенін айтты

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2011 17:25

Мұнай және газ министрі (МГМ) Сауат Мыңбаев «Қашаған» жобасының 2 фазасының дамуы белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Иә, әзірге (Қашаған жобасының - ҚазТАГ) 2 фазасы бойынша белгісіздік бар, бірақ мердігерлік компаниялардың, өкілетті органның тығыз іс-қимылының арқасында, ұсынылатын шешімдер әлемнің үздік тәжірибесіне сәйкес келіп, өзара мүдделер ескерілсе, жоба табысты болады деп ойлаймын», - деді С. Мыңбаев сейсенбі күні «Қазақстан: тұрақты дамулың 20 жылы, инвестициялар мен тұрақты ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» жеген тақырыптағы KAZENERGY VI Еуразиялық форумында.

Ол мұнайды коммерциялық өндіру басталатын мерзімі 2012 жылдың желтоқсаны – 2013 жылдың маусымы екенін атап өтті.

Министр 1 фаза тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіруді (450 мың баррельге дейін ұлғайту мүмкіндігімен) қарастыратынын еске салды.

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева.

PDFПечатьE-mail