“Айқын” газетінің Атыраудағы тілшісі ІІІ республикалық “Қалам қуаты” байқауының Бас жүлдесін жеңіп алды

размер шрифта: Aa | Aa
07.10.2011 15:31

 Бұл байқау мұнай-газ саласына қатысты тақырыптарды жан-жақты ашуды көздейді. Оны "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ-ның Барлау  және өндіру жөніндегі  басқарушы директоры, Басқарма  мүшесі  Алик Айдарбаев  бүгін Алматыда 19-шы қазақстандық "Мұнай және газ" халықаралық конференциясы аясында  ІІІ республикалық "Қалам қуаты" байқауының қорытындысын жариялау рәсімінде айтты.

"Kazenergy қауымдастығымен  бірлесіп ұйымдастырған "Қалам қуаты" байқауының мақсаты журналистер мен белсенді жастарға қолдау көрсетіп, шығармашылық ізденісіне жәрдемдесу.  Биыл оған келіп түскен 200-ден астам материалдың 70 пайызға жуығы қазақ тілінде болды", - дейді А. Айдарбаев. Оның айтуынша, 1-қаңтар мен 25-қыркүйек аралығында  өткен бұл байқау 9 аталым бойынша жұмыстар қабылданды. 

Оның өту барысы биыл тұңғыш рет ұйымдастырушылардың сайтарында он-лайн жүйесінде көрсету ұйымдастырылды. Оған Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Берсебаев, Қазақстан журналистер академиясының мүшесі Намазалы Омашев, "Центр тяжести" интернет-форумының бас продюсері Татьяна Бендзь, саясаттанушы Айдос Сарым, сарапшы Фатима Қосаева сияқты қазылар төрелік еткен.

Олар    материалдар топтамасы  үшін Бас  жүлдеге "Айқын" газтінің Атырау облысындағы тілшісі Тұрсын  Қалимованы лайық деп тапқан. 

"Мұнайлы Астана" газетінің тілшісі Алма Қалусариева ("Үздік фоторепортаж"), "Шалқар" радиосының бас редакторы Көпен Әмірбек  ("Үздік радиобағдарлама"),  Инвестицияның пайымдылығын зерттеу агенттігінің сарапшысы Юрий Цай ("Республикалық БАҚ-тағы үздік материал"),   Маңғыстау" газетінің тілшісі Әбдіғалам Сәркенов,  "Кызылординские вести" облыстық газетінің "Экономика" бөлімінің редакторы Игорь Титенок  ("Аймақтық БАҚ-тағы қазақ және орыс тіліндегі  үздік материалдар"), Атырау облыстық "Прикаспийская коммуна" газетінің тілшісі Любовь Монастырская (Мұнай-газ с аласының тарихы туралы үздік матерал"), Атырау мұнай және газ институтының студенті, KAZENERGY стипендияты Дархан Жаншин ("Үздік студенттік жұмыс")  өз аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ фотограф Вадим Соловьев, журналистер Гүлнар Кудебаева мен Жолдасбек Шөпеғұл ынталандыру жүлдесімен марапатталды.


АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFПечатьE-mail