Қазіргі уақыт Қазақстанның халықаралық әріптестігі үшін өте маңызды - Ұлыбритания елшісі Дэвид Моран

размер шрифта: Aa | Aa
06.10.2011 14:43
ҚазАқпарат- Біздің табысты Қазақстанға деген қызығушылығымыз үлкен. Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшісі Дэвид Моран бүгін,Алматыда өз жұмысын бастаған 19-шы қазақстандық "Мұнай және газ" халықаралық конференциясында осылай айтты.

" Менің баяндамамның тақырыбы - "Ұлыбритания және Қазақстан: келісссөздер мен серіктестіктің  артықшылықтары". Қазақстанның дәстүрлі ашықтығына қызығатындықтан біздің көптеген компанияларымыздың арасындағы сауда байланыстары  жақсы дамыған. Ұлыбританияның инвесторы BG, Shell  және басқа да көптеген инновациялық компаниялары "KIOGE-2011"  көрмесіне келді.  Олар жергілікті мазмұнды ұлғайту мәселесін қарастыруда  тығыз қарым-қатынаса жұмыс жасап келеді. Жергілікті мазмұнды қолдауға  әрқайсымыз да ынталымыз. Халықаралық энергетикалық компаниялар менімен келісетінін білемін", - дейді Д. Моран. Оның айтуынша, мәселе Қазақстанның Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз сияқты ірі энергетикалық жобаларында аталған үдерістің қарқынды  дамуын қамтамасыз ететін жолдарды  ойлап табуда. Қазіргі уақыт Қазақстанның халықаралық әріптестігі үшін өте маңызды Үш жоба дамудың басты кезеңінде тұр. Енді бірқатар маңызды шешімдері қабылдау қажет. Бұл орайда Ұлыбританияның тәжірибесі өте бай.

  Біз Солтүстік теңіздегі жергілікті мазмұнды арттыру мәселесінде табысқа жеттік. Бұл табыстың кілті  - келіссөздер, серіктестік және уақыт. Мамандар даярлау бірнеше жылды талап етеді. Біз Қазақстан Үкіметінің жергілікті мазмұн мәселесі бойынша өте жиі келіссөздер жүргізетініне сүйсінеміз. Ұлыбритания бұл үдерісті қолдап мамандарды даярлауда көмек көрсетуге әзір. 3 жыл ішінде бұл мәселені шешуді көздеп отырғандарыңыз маңызды бастама болып табылады", - дейді Ұлыбритания елшісі Дэвид Моран.

АЛМАТЫ. 6 қазан.

/Ерлік Ержанұлы/

PDFПечатьE-mail