Total -дың хай-тек технологиялары Қазақстанның қызығушылығын тудыруы мүмкін -Жиль Перро

размер шрифта: Aa | Aa
06.10.2011 14:41
ҚазАқпарат- KAZENERGY VI Еуразиялық Форумының аясында «Тоталь Газ және Энергетика» компаниясының Күн фотоэлектрика бойынша жобасының жетекшісі Жиль Перро pm.kz сайтына арнайы сұхбат берді.

- Энергоресурстардың - газ, мұнай және көмір қорларының шектеулі болуына байланысты, энергияның орны толатын көздерін игеру мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр. Сіздің компанияңыз осы бағытта көшбасшы роль атқарады. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда күн энергетикасының келешегі бар ма?

- Қазақстандық гелиоэнергетиканың болашағы бар, оған күмән жоқ. Біріншіден, сіздердің елдеріңіздің географиялық орналасу жағдайы ыңғайлы, күн райы ашық, бұл маңызды мәселе. Екіншіден, Қазақстанның аумағы үлкен және күн, жел сияқты табиғи энергия көздерін дамытуға мүмкіндік бар. Үшіншіден, электр желілері тартылмаған жерлер де бар. Сондықтан, гелиоэнергетика елдің барлық өңірінің электр қуатына қолжетімділігін қамтамасыз етудің ең үнемді тәсілі болып табылады. Және сіздердегідей күн шуағы мол елде гелиоэнергетиканы дамыту болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтап қалуға мүмкіндік береді.

- Гелиоэнергетиканы дамыту саласында Қазақстан мен Total компаниясының ынтымақтастық перспективасы бар ма?

 - Total компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Ол үшін мұнда мүмкіндік мол деп ойлаймын. Елдеріңізде кремнийдің жақсы қоры бар. Мүмкін, біз сіздерге кремний шикізатын тазарту бойынша индустрияны дамытуға көмектесе алар едік. Total сондай-ақ, күн және органикалық фотоэлектрикалық энергетика саласындағы хай-тек технологияларға ие, осы технологиялар қазақстандық зерттеу институттарының қызығушылығын аударуы әбден мүмкін.

АСТАНА. 5 қазан.

PDFПечатьE-mail