top
top
Жаңалықтар

Персоналды оқыту және дамыту: «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС-да жеткізушілерді іріктеу тәсілдері

2020 жылғы 12 ақпанда Алматыда персоналды оқыту қызметтерін жеткізушілердің форумы өтті, оның жұмысына 60-тан астам мүдделі компаниялар қатысты. Шараны Теңізшевройл ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – нарық мүмкіндіктерін зерттеу және әлеуетті жеткізушілерді іздеу.

Теңізшевройлдың Бас директорының орынбасары Мұрат Мұқашевтің айтуынша, кәсіпорын ұйымдастырып отырған жеткізушілердің бірінші форумы емес. Өткен жылы ТШО IT-қызметтерді және нысандарды басқару, логистика және кейтеринг қызметтерін жеткізушілердің осындай форумдарын өткізді. Мұндай формат нарық мүмкіндіктерін зерттеп, ТШО процестері туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар жеткізушілермен тікелей B2B-сессияларын өткізуге мүмкіндік береді.

Форумда «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері қатысушыларға ТШО-мен қалай табысты серіктестік құруға болатыны туралы айтып, коммерциялық мәселелер бойынша ұсыныстар берді, жеткізушілерді іріктеу және алдын ала біліктілік беру процесін сипаттады. Қызметтерді жеткізушілерге компания ұсынатын талаптар мен тренингтік қызметтерге деген қазіргі қажеттіліктер таныстырылды.
«KAZENERGY» қауымдастығы өз тарапынан мүшелеріміз бен серіктестеріміздің Қазақстандағы білім беру (тренингтік) қызметтері нарығымен ашық диалогын қолдайды, бұл туралы форумда сөйлеген сөзінде қауымдастықтың адами капиталды дамыту департаментінің директоры Құсайынова Айман атап көрсетті.

Қызметкерлерді тұрақты оқыту және дамыту мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар стратегиясының бір бөлігі болып табылады, осыған байланысты компанияларда сапалы қызметтерді жеткізушілерді іздеу және іріктеу қажеттілігі кезең-кезеңімен туындайды. Осы тұрғыдан «Теңізшевройл» ЖШС өткізетін форумдар мен семинарлар әлеуетті жеткізушілерге ТШО-ның қызметтер мен жұмыстарға деген сұранысы туралы компанияның өзінен анықтап біле алады және бизнес-серіктестіктің өзара іс-қимыл жасауына тиімді құрал болып табылады.

Қызмет көрсетушілер үшін форум корпоративтік оқыту саласындағы қазіргі заманғы трендтерді жария ете алатын, жаңа технологиялар мен форматтар туралы айтып бере алатын алаң болып табылады.


forweb@.jpg

forweb_3@.jpg

forweb_4@.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.